«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің нәтижесі: әкімшілік кедергі жойылды

2019 жылғы 15 Сәуір
- Қызылорда облысы
6071 просмотров

Қымбатты оқырмандар, естеріңізде болса осы жылдың ақпан айында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралған кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі келтіріп отырған қалалық сәулет-қала құрылысы Техникалық кеңесінің  жұмысы туралы жазған едік.

Сол кезде облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Салават Құлмахан: «Бұл техникалық кеңес 2018 жылдың 7 желтоқсанында құрылған. Бұрын облыс, қала, аудан әкімдіктерінде сәулет-қала құрылысы кеңестері жұмыс жасаған болатын. Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness» рейтингінде еліміздің көрсеткішін жақсарту, сондай-ақ кәсіпкерлік үшін кедергі келтіретін шараларды азайту мақсатында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аталмыш кеңестердің барлығы қызметін тоқтатты. Алайда облыс бойынша бүгінде тек Қызылорда қаласында ғана осындай Сәулет-қала құрылысы техникалық кеңесі жұмыс жасауда», - деп пікір білдірді.

Ақпан айындағы кеңес отырысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов техникалық кеңес облыс әкімінің қаулысымен бекітілген регламент аясында құрылғанын жеткізген болатын.

Кеңес қорытындысымен облыстық прокуратура аталмыш мәселені егжей-тегжейлі зерттеу, ал кеңес мүшелері аталмыш әкімшілік кедергі туралы облыс әкімініне хат жолдау туралы шешім қабылданды.

Міне, қысқа мерзімде мәселе оң шешімін тапты. Облыстық прокуратура органдарымен  Қызылорда қаласы әкімі жанындағы сәулет-қала құрылысы техникалық Кеңесінің қызметінің заңдылығы зерделеніп, нәтижесімен прокуратурамен, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасымен Қызылорда облысы әкімінің аппаратына «Эскиздік жобаны келісуді өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілген Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының күшін жойып, регламенттен Техникалық кеңеске қатысты бөліктерін алып тастау туралы хат берілді. Нәтижесінде Қызылорда облысы әкімінің аталған қаулысына өзгеріс енгізіліп, Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы техникалық кеңесінің күші жойылды.

Кәсіпкерлерді жеңісімен құттықтай отырып, салаға қатысты мәселелер болса Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаевқа, сондай-ақ Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлеріне  (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан к-сі, 42, «Бастау» бизнес орталығының 11-қабаты, тел.: 40-09-81) хабарласуларын сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер