«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұқтаж жандарға қамқорлық

2015 жылғы 07 Шілде
- Атырау облысы
10401 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы мен өңірдегі бизнес-қоғамдастық Атырау облысы әкімдігі бастамалаған «Демеу» әлеуметтік жауапкершілік қоғамдық қозғалысына қолдау көрсетті

Қозғалыстың мақсаттары мен міндеттері жайлы Атырау орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, «Демеу» қозғалысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған. Оның басты мақсаты – бұл халықтың әлеуметтік осал бөлігіне әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, аға буынға сый-құрмет көрсету. Сондықтан да іс-шараның игі істер жасап, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетілуге тиіс мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында бастау алғаны кездейсоқ емес. Қозғалыс аясында зейнеткерлерге, ардагерлер мен соғысқа қатысушыларға, мүгедектерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға шағын және орта бизнес қызметтері мен тауарларына жеңілдік жасау көзделуде.

Мына салаларда қызмет көрсететін кәсіпорындар шақырылады: медициналық қызметтер (дәріханалар, диагностикалық, амбулаториялық, стоматологиялық клиникалар); тұрмыстық қызметтер (шаштараздар, тігін шеберханалары, техника жөндеу орталықтары); сауда қызметтері (азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, киім және тұрмыстық техника дүкендері); мәдени демалыс ұйымдастыру қызметтері (мұражайлар, театрлар, кинотеатрлар); сауықтыру және демалыс (шипажайлар, қонақ үйлер); көлік (темір жол, авиа тасымалдау, қоғамдық көлік); басқалары (спорттық нысандар, дәмхана, мейрамханалар, ПИК).

Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев өз кезегінде Атырау облысы бизнес-қоғамдастығының мұқтаждарға көмек көрсету жөніндегі қайырымдылық іс-шарасына үнемі белсене ат салысатынын атап өтті. Ол «Демеу» қозғалысының да назардан тыс қалмайтынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Асылбек Жәкиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұрпақтар алғысы» ұзақ мерзімдік әлеуметтік жобасын іске қосқанын айта кетті. Онда кәсіпкерлер соғыс ардагерлерін қамқорлыққа алып, оларға қажет көмек көрсетеді.   

Бизнес-қоғамдастық арасынан «Медицина» АҚ және «Атаба» супермаркеттер желісі» ЖШС қоғамдық қозғалысты алғашқылардың бірі болып құптады. «Медицина» АҚ бас директоры Забира Дәулетжанова атап өткендей, қозғалыс аясында үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап аталмыш тұлғалар санаты үшін олар дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы өнімдерге 5% жеңілдік енгізген.

«Атырау облысы бойынша 34 дәріхана желісі бар, қоймаларда 10 мыңнан астам өнім түрі сақтаулы. Компанияда автоматтандырылған есептеу жүйесі екінші жыл әрекет етуде. Аталмыш іс-шараға салмақты түрде дайындалдық. Код штрихы бар арнайы пластикалық карталар шығарылды. Қаладағы төрт дәріханада олар тіркеліп, активтендіріледі. Осының арқасында карта иелерінің барлығы «Медицина» АҚ кез-келген дәріханасындағы тауарларға 5% жеңілдік ала алады», - деп атады Забира Дәулетжанова.

Ал «Атаба» супермаркеттер желісі» ЖШС басшылығы халықтың әлсіз топтарына өз өніміне 10% жеңілдік беруге дайын. Оның үстіне, кейбір тауарларға берілетін жеңілдік мөлшері 25 пайызға дейін өсуі мүмкін. Жеңілдік беру қағидаты мұнда да пластикалық карта көмегімен жүреді. Тараптар келісімдерін «Демеу» әлеуметтік жауапкершілік қоғамдық қозғалысын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен бекітті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер