«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда автокөлік тасымалдары қатерлі жағдайға жетті

2018 жылғы 14 Ақпан
6727 просмотров

 Бұл туралы «Атамекен» ҚҰР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің автомобильді көлік бойынша қосалқы комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды

 Автобусты жолаушылар тасымалының мәселелерін жиын қатысушылары талқылады.

 «Бірінші кезекте  әлеуметтік маңызы бар маршруттардағы қалалық жолаушы тасымалы бойынша мәселе тұр. Парк тозығы қатерлі деңгейге – 60%-ға жетті, қауіпсіздік жағы қанағаттандарлық емес, біліктілігі жақсы мамандар, атап айтқанда жақсы  жүргізушілер тапшы. Осы жерде парадоксқа толы жағдай туып отыр: біздің өкілетті орган – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, алайда автокөлік саласы ешқандай инвестициялық тартымдылығы жоқ. Бұл қиын жағдайдың негізі мемлекеттік сектордағы тиімді саясаттың жоқтығында жатыр. Бұл саладағы мемлекеттік реттеуге шұғыл түрде реформа жүргізу қажет», – деді «Автокөлікшілер одағы» ЗТБ атқарушы директоры Сәбит Аманбаев.

Оның айтуынша бұл мәселе өзекті, және соңғы уақытта мәселенің шеті шешіліп келеді.

 «Қоғамдық-саяси резонанс тудырған Ақтөбе облысындағы трагедия салада мәселелер барын дәлеледей түсті. Бұл мәселеге Үкімет, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар назары тартылып, субсидиялау арқылы шығындарды өтеу бойынша тенденция қалыптастқан секілді», – деді Сәбит Аманбаев.

Елдос Рамазанов бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтеру керек екенін атап өтті.  

 «Бүгінде Автобус тасымалдарының кешенді бағдарламасы (жол картасы) әзірленген. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі субсидиялау сұрағын қолдап отыр. Жолаушылар тасымалын салықтық ауыртпалықтан  корпоративті табыс салығы мен қосымша құн салығынан босату бойынша ҚР Ұлттық экономика минитсрлігі тарапынан қолдау болмай тұр, ал Ресей Федерациясы салық кодексінде бұл норма бар. Тасымалдаушылар жай ғана субсидиялауды сұрап отырған жоқ, олар Қазақстанда жасалған автобустарды сатып алу, қауіпсіздік қамтамасыз ету және сапалы қызмет көрсету жауапркершілігін алуға дайын. Бүгінде республика бойынша 7 өңірде ғана ішінара субсидиялау қарастырылған. Ал толық субсидия жүргізу үшін нормативті-құқықтық база бар. Жағдай өте қиын, бірнеше ЖШС банкроттың аз алдында тұр. Бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтеру қажет»,– деді Басқарма Төрағасының орынбасары. 

 Көлікті бақылау мен парктарды жаңарту мәселесі бойынша ҚР Халықаралық автомобиль тасымладушылар одағының Бас хатшысы Теодор Каплан пікірін білдірді.

 «Көлік бақылауының қызметі қандай болса кәсіпорындардың қаржылық жағдайы сондай болмақ. Жолға қойылған бақылау болса фрахтқа (ставка – ред.) деген баға да қалыпты болады да автопарктарды жаңартуға да қаражат та табылады (...). Біз былайша айтақнада бір орында тапталып тұрмыз. Бастапқы тіркеуге ақша жинау 2500 АЕК мөлшері шетелдік жүк көліктерін алуға мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан бұл мөлшерді 400 АЕК-ке дейін түсіру керек», – деп санайды Теодор Каплан.

 Жиынды қорытындылай келе Комитет Төрағасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаев барлық ұсыныстарды нақтылау қажет екенін айтты.

 «Біз нақты ұсыныстарды тұжырымдауымыз керек»,– деді Қанат Алпысбаев.

 Айта кетелік, Комитет отырысына Мәжіліс депутаты Тарас Хитуов, Комитет мүшелері, салалық қауымдастықтар өкілдері, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

 Осы күні сонымен қатар  «Атамекен» ҚҰР ҰКП Төралқасы Логистика және тасымалдау комитетінің  Теміржол көлігі бойынша қосалқы комитетінің отырысы өтті, онда Қанат Алпысбаев бірнеше мәселені көтерді.

«Жеке теміржол тасымалдаушыларын темір жол магистраль желісіне шығару мақсатында теміржол жолаушылар тасымалы бойынша жүк және жүк түрлері бойынша тарифтерді дифференциациялау есебінен кросссубсидиялау мәселесін жылдам шешу қажет.  Логистикалық қызметтерді жақсарту  және Қазақстан жүк жөнелтушілерін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мәселсі басымдықта болуы керек», – деді Комитет Төрағасы.

 Теміржол көлігі бойынша қосалқы комитет төрағасы Илья Сегал атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп, 2018 жылға жұмыс жоспармен таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша 2018 жылға Жол картасы бекітілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер