«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау мен Румыния кәсіпкерлері сауда-экономикалық байланысты нығайтады

2018 жылғы 02 Мамыр
- Атырау облысы
5660 просмотров

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Румыния Прахова округінің сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес тараптар әлеуетті серіктестермен келіссөз мақсатымен іскерлік шаралардың ұйымдастыру және өткізуде екі жақты байланысты тегін жүзеге асыруға міндетті. Меморандумға қатысушыларға Атырау және Прахова округі бизнесінің субъектілері арасында келісімшарт жасауға ықпал ету, ортақ жобаларды жүзеге асыру, экономикалық мәселелерді шешу міндеті қойылған.

Румыниялық делегациямен кездесу барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Ыдырысов өңір аумағында румыниялық капитал үлесі бар бір кәсіпорын тіркелгенін атап өтті. Атырау мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық дамудың әлеуеті жоғары екенін ескере отырып, бұл көрсеткішті бірнеше есеге өрістетуге болады.

«Жергілікті билік өңірде жаңа өндірісті құру үшін шетелдік инвесторларға жағдай жасауға барынша күш салып келеді. Мысалы, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік есебінен инженерлік коммуникация жүргізілген Индустриялық аймақ аумағынан, сондай-ақ 3,4 мың гектар аумақта «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аумағынан  жер учаскесін беруге дайын. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін салық және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Мұнымен қоса, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен шетелдік инвесторлармен бірлескен кәсіпорын ашылуы мүмкін. Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін облыста шетелдік инвесторлардың қызметіне оңтайлы жағдай қалыптастыруда «Атырау Innovations» ЖШС қызмет атқарады. Компанияның негізгі мақсатының бірі – «бір терезе» қағидатымен ақпараттық сараптамалық және сервистік қолдау көрсету. Компания инвесторларға кез келеген көмек көрсетуге, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес процедураларды түсіндіруге дайын», - деді өңірлік палата басшысы.

Атыраулықтардың жылы қабылдауына алғыс білдіріп, Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чезар Маноле Армяну таныстырылымдық материалды назарға ұсынды.

«Міне жарты жылдан ері Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет атқарып отырмын. Екі ел арасындағы тығыз байланыс орнағанына қарамастан, Румыния туралы, оның тарихы, спорты, мәдениеті мен жетістігі жайлы көп біле бермейді. Осы таныстырылым Румынияны туралы ақпарат алуға, инвестиция салуға, тығыз және ұзақ мерзімді байланыс орнатуға ынталандырады деп үміттенемін», ­- деп атап өтті Елші.

Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, өзара байланыс орнататын салаларға қатысты пікір алмасты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы мен Румыния арасындағы тауар айналымы 370 млн АҚШ долларынан асқан. Экспорт – 350 млн АҚШ доллары, ал импорт – 18,9 млн АҚШ доллары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер