«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар қарапайым тілде түсіндірілді

2018 жылғы 14 Мамыр
- Атырау облысы
6220 просмотров

Атыраулық кәсіпкерлер мен бахгалтерлеріне Салық заңнамасының жаңашылдықтары түсіндірілді

 «Салық туралы қарапайым тілде» атты тегін конференцияны Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы ұйымдастырды. Мұндай іс-шара жалпы алғанда Қазақстанның 21 қаласында өтеді деп жоспарланған. Конференцияның басты мақсаты – кәсіпкерлерге салық кодексіндегі жаңашылдықтарды барынша қарапайым тілде жеткізу.

«Жеке кәсіпкерлік – көбінде штатында бухгалтері жоқ бизнестің бір түрі. Ал кәсіпкер үшін арнайы маманданусыз салық заңнамасын игеру қиынға соғады. Дегенмен, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан біз осы конференцияны бүкіл республика бойынша өткізуге бел будық», – деді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев. 

Белгілі болғандай 2018 жылы жаңа ҚР Салық кодексі шыққан болатын. Жаңа редакцияда баптардың саны айтарлықтай артқан, 2017 жылы 687 бап болса, 2018 жылы 773 бап қолданыста. Өзгерістердің бір бөлігі іске асырылып жатыр. Қалған бөлігі 2019 және 2020 жылдары іске асады.  

Конференция барысында заңнамадағы көптеген өзгерістер айтылды. Мәселен, бұрын жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін максималды айналым жеке кәсіпкерлер үшін 1400 ТЖМ, заңды тұлғалар үшін 2800 ТЖМ болса, биылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін 2044 ТЖМ болып өзгерді. Сонымен қатар арнайы режим қолданатын кәсіпкерлер өз қызметкерлері үшін салықты енді ай сайын төлейтін болады. Бұрын кәсіпкерлер салықты жарты жылда бір төлейтін.

Патент негізіндегі арнайы салық режимі де өзгерді. Патенттен әлеуметтік салық алынып тасталды. Салық мөлшерлемесі  сауда саласынан басқа 1%-ға дейін төмендетілді. Ал қолма-қол ақшаға жасалатын сауда 2% салықпен салынады, ал қолма-қол ақшасыз жасалған саудаға 1% салық мөлшерлемесі қарастырылған. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер табыс бойынша салық регистрін жүргізуге міндетті, онда қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз жасалған сауданы белгілеумен барлық табыс көрсетіледі. 2020 жылға дейін пантент бойынша кассалық аппарат алмай жұмыс істеуге рұқсат берілген.

 Барлық айтылған жаңашылдықтар бойынша кәсіпкерлер сауалдарына жауап алды. Конференция аяғында ұйымдастырушылар Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы  «Қазақстанның әр кәсіпкері үшін абоненттік төлемсіз тегін POS терминал» атты жоба іске асып жатқанын хабарлады.

«Жеке кәсіпкерлер төлемдерді картамен қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Егер сатып алушы төлем картасы қабылданбаса айыппұлдар қарастырылған. Статистикаға көз жүгіртсек,  жеке кәсіпкерлердің 80%-ында POS-терминал жоқ. Осы ретте «Қазақстанның әр кәсіпкері үшін абоненттік төлемсіз тегін POS терминал» жобасына атсалысу Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін арттырады және елімізде цифрлау үдерісін дамытатын болады», – деді Дмитрий Казанцев.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер