«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге сатып алуларға қатысу ережелері таныстырылды

2018 жылғы 22 Тамыз
- Атырау облысы
6823 просмотров

Атырауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы  жергілікті бизнес субъектілерімен кездесті.

Бизнес-қоғамдастықтың дамуы біздің мемлекетіміздің экономикасы үшін өте маңызды екенін ескере отырып, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы жергілікті кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесу ұйымдастыруды қолға алды. Бүгінгі кездесу екінші рет ұйымдастырылып отыр.

 «Бүгінгі құрылымды диалогтың нәтижесі ретінде адал жеткізушілер – заманға сай дамып жатқан әрі өндірісте жаңа технологияларды ұстанып отырған, тауар мен қызмет түрі сапасына кепілдік беріп отырған жергілікті кәсіпорындар және өндірушілер сатып алуларға қатыса бастайды деп үміттенемін», – деді «Ембімұнайгаз» АҚ Әнуар Жақсыбеков.

 Қазіргі таңда Атырау облысында шамамен  160 отандық тауар өндіруші жұмыс істеп отыр. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының мамандарының пікірінше, ШОБ дамуы мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларына қатысуға тікелей байланысты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін сатып алуларда жергілікті компаниялар үлесінің арттыру – қызметтің басты бағыттарының бірі. Өз кезенде кәсіпкерлер белсенділік таныту керек. Мәселен, мұндай кездесулер бизнес үшін пайдалы. Олар мұндай алаңда ірі компаниялар басшыларына тікелей сұхбаттаса алады,  сатып алулардағы жаңашылдықтар мен өзгерістер туралы білуге мүмкіндік бар. «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығына бүгінгі кездесу үшін алғыс білдіргім келеді, бірлесіп жұмыс атқаруымыз жемісті болады деген сенімдемін», – деді ӨКП директоры Абдолла Идресов.

Ары қарай «Ембімұнайгаз» АҚ мамандары танысытырым жасады, оның аясында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесі туралы түсініктеме берді, өйткені «Ембімұнайгаз» АҚ сатып алуларда осы ережелерге сүйенеді. Қазіргі таңда аталмыш процедура 10 кезеңнен тұрады: бұл тіркеу, сатып алу түрін таңдау, тендерге қатысу өтінімі, өтінімдерді ашу, алдын ала қарастыру, шарт жасасу, жеңімпазды анықтау, сатылым жүргізу, өтінімдерді екінші қайтара қарау және анықталған сәйкессіздіктерді алып тастау.  Кездесу барысында кәсіпкерлер коампанияның басшылары мен коммерциялық бөлімінің мамандарына сұрақ қойып, жауап ала алады.   

 Айта кетелік, қатысушылар арасында шағын бизнес субъекітлерінің қарасы қалың, олар да сатып алуларға қатысуға ынта білдірді. Кездесуді ұйымдастырушылары мердігерлік компаниялар мен жергілікті кәсіпкрлер арасында бөлек кездесу ұйымдастыру мүмкіндігі қаралады деп шешілді. Демек, кәсіпкерлер тапсырыс берушілер назарына тауар мен қызмет көрсету таныстырылымын жасап, келісссөздер жасауға мүмкіндік алады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер