«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда стресті еңсеруге қатысты семинар өтті

2019 жылғы 08 Сәуір
- Атырау облысы
3784 просмотров

Шағын және орта бизнесті қолдау шеңберінде Қосымша білім беру академиясы және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Стресс-менеджмент» тегін тренингі өтті

Қазіргі уақытта адам агрессияшыл ортада өмір сүреді. Жұмыс орнында, үйде, тіпті демалыста сабырлы болу әрі өнімді жұмыс істеу өте қиын. Ал егер сіз кәсіпорынның жетекшісі бослаңыз, онда жеке стресіңізді ғана емес, қызметкерлердің де көңіл-күйін басқаруыңыз керек. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Осы сұрақтың жауабы тренинг барысында қаралды. Тренингке шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілері, басқарушылар мен бас мамандар қатысты.

 «Тренингіміз стресті қалай басқару керектігін үйретеді. Бұл заманауи дәуірдегі қалыпты жағдай. Одан қорықпау керек, одан қашып, әрі сондай күйде болудың қажеті жоқ. Мен қарапайым базалық машықтар туралы айтамын, белгілі бір стресс түрімен қалай күресу керектігін түсіндіремін. Стрестің түрі көп, ал олармен күрес құралдары әмбебап. Тренингіміз жетекшілер, топ-менеджерлер, директорлар орынбасарлары және бас мамандарға арналған. Алайда бұл білімді әркім күнделікті практикасында пайдалана алады», – деді Қосымша білім беру академиясының тренері Эльдар Өтегенов.  

 Тренер он бес жыл бойы басқарушы қызметтерде жұмыс істеген. Эльдар Өтегеновтың екі жоғары білімі бар, ол Назарбаев Университеттің Бизнес мектебін бітірген. «Іскерлік байланыс» жобасы шеңберінде Германияда тағылымдамаға қатысқан. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында» мемлекеттік қызметтерге арналған курстардың автоыр әрі оқытушысы.

 «Тренинг барысында стрестің түзелу табиғатын, адам стресінің биофизикалық деңгейлерін, жетекші және қызметкерлердің стресінің түрлері мен типтерін, стресті еңсеру және басқару әдістері мен құралдарын қарастырдық. Барлық үлгілер мен ситуациялар тәжірибемнен алынып, шынайлыққа бейімделген. Тыңдаушылар тренингке белсенді қатысты», – деді тренер.

 Мұндай тренингтерді Қосымша білім беру академиясының мамандары Батыс Қазақстан облысының  басқа да қалаларында жүргізуді жоспарлап отыр. Жалпы алғанда Академияның оқыту семинарлары бизнес үшін өзекті тақырыптарды қамтиды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер