«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қаржылық емес қолдау

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Қаржылық емес қолдау

Сервистік қолдау кәсіпорынның тиімділігін көтеру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және мамандандырылған қызметтердің шағын және орта кәсіпкерлігі субъектілеріне ұсынудан тұрады: 

№1 қызмет: Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ мәселелер бойынша консультациялардан тұратын статистикалық есептілік жасау

№2 қызмет: Кеден процедуралары бойынша қызметтер

№3 қызмет: Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және күллі процесті толығымен сүйемелдеу

№4 қызмет: Заңгерлік қызмет көрсету

№5 қызмет: Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер

№6 қызмет: Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар

№7 қызмет: Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер.

Услуга №8 қызмет: Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер. 

Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының үстіміздегі жылдың 1 тоқсанындағы қызметі  туралы анықтама. 

Құрметті кәсіпкерлер!

Сіздерді «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік  бағдарламасы аясында «Аға сеньорлар» жобасына құжаттар қабылдау жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

«Аға сеньорлар» компоненті экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын қолданыстағы кәсіпкерліктерге өз кәсіпорнына шетелдік мамандарды шақыруға және кәсіби кеңес алуға мүмкіндік береді.

Жоба қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған.

Кеңес бағдарламасы сарапшымен кездесулерді тікелей кәсіпорында өткізуді қамтиды, сондай-ақ кәсіпорының мәселелерін талдау негізінде әзірленген сарапшының практикалық ұсынымдармен қамтамасыз етеді.

Компонентке Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің басшылары қатыса алады;

«Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;

Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке есептерінен жүзеге асырылады.

Қатысуға асығыңыз!

Өтінім мен басқа да құжаттар Өңірлік кәсіпкерлер палатасында және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында қабылданады немесе 1432 нөмірі арқылы ақпарат алуға болады.

Серіктестер