«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Предоплата за газ

2016 жылғы 18 Ақпан
- Атырау облысы
8323 просмотров

Атырауда кәсіпкерлердің газбен жабдықтауға байланысты мәселелерін жедел реттеуді жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылмақ

Бизнесмен Жексенғали Нұғманов Кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша газбен жабдықтау қызметі үшін алдын ала төлемнен босату өтінішімен «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорнының жергілікті өндірістік филиалына жүгінген болатын. Компания оның өтінішін жерге тастамай, тараптар қосымша келісімге отырған. Соған сәйкес кәсіпкер бұл төлемнен босатылған.

Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасы бұл мүмкіндікті бизнестің өзге субъектілері пайдалана ала ма деген мәселені алға тартты.

Осы және өзге де газбен жабдықтауға қатысты кәсіби қызмет көрсету, газ қазандарын жазға қарай мөрлеу секілді мәселелер Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қарастырылды.

«Ай сайын мен 100-120 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасауым керек болды. Бұл ақша газ компаниясы үшін бос жүктеме еді, себебі оның орнына мен оны айналымға жіберсем жақсы болар еді. Неге мен әлі көрсетілмеген қызмет үшін ақша төлеуім керек? Сондықтан да «ҚазТрансГазАймаққа» тиісті хат жаздым, олар мені бұл төлемнен босатты», – деп айтып берді Жексенғали Нұғманов.

Өңірлік палата директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаевтың айтуынша, олар газбен жабдықтау қызметтері бойынша жасалған шарттар мазмұнына талдау жүргізген. Оның қорытындысы бойынша шартта тұтынушының газбен жабдықтау қызметі үшін алдын ала төлем жасау қажеттілігі көрсетілмеген, төлем тек тұтынылған газ үшін ғана жасалуы тиіс. «Сіздер мұны қалай түсіндірмексіздер?» – деді ол «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалының директоры Абай Әмірхановқа. Филиал басшысы кәсіпорынның өзі газды «ТеңізШевройл» ЖШС-нан АҚШ долларымен алдын ала төлем арқылы сатып алатынын және заңды тұлғалардан алдын ала төлем алуға мәжбүр екендіктерін жеткізді. «Абоненттердің көп бөлігін құрайтын жеке тұлғалардан біз алдын ала төлеуді сұрамаймыз. Шарттар жөніндегі мәселелерді бас компания шешеді»,-деді ол.  

«Дегенмен де сіздер Жексенғали Нұғмановты бұл төлемнен босаттыңыздар. Демек, егер сіздерге өзге кәсіпкерлер келіп, шағын ғана айналымы болғандықтан, алдын ала төлем жасауда қиындықтарға кез болғанын айтып жатса, сіздер оларды да бұл төлемнен босата аласыздар ма?»,– деп қызығушылық танытты Палата директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

«Бұл сұраққа тап қазір жауап бере алмаймын. Алайда қазір талқыланып отырған мәселені толықтай және жағымсыз жағдайларды жедел түрде шешу үшін Палатамен бірлесіп жұмыс тобын құруды ұсынамын. Бұл ұсыныспен мен Палатаның атына хат жібердім», – деді Абай Әмірханов. Кеңес отырысына қатысушы Атырау облысы прокуратурасының өкілі Сабырбек Нұрышев 2015 жылы қадағалау органының араласуымен тағы бір кәсіпкер газ үшін алдын ала төлемнен босатылғанын айтты.

Кәсіби қызмет көрсету мен газ жабдығын жаз маусымына қарай мөрлеуге қатысты газбен жабдықтау ұйымының өкілі бұл жұмыстардың бекітілген техникалық қауіпсіздік талаптарына сай орындалатынын жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері газбен жабдықтауға қатысты туындайтын бизнес субъектілері мәселелерін жедел реттеу мақсатында жұмыс тобын құру идеясына қолдау білдірді. Бұдан басқа, Кәсіпкерлер палатасына алдын ала төлем және кәсіби қызмет көрсету рәсімдеріне қатысты мәселелер Газды жеткізу және нысандарға техникалық қызмет көрсету шарты аясында екіжақты тараптармен реттелетіні туралы кәсіпкерлерді ақпараттандыру ұсынысы айтылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер