«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Банктен мүлкін қорғап қалды

2016 жылғы 07 Сәуір
- Атырау облысы
6332 просмотров

ӨКП құқық бөлімінің сарапшылары кәсіпкерге бизнесін сақтап қалуға көмектесті

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына «Цемент Орталығы» ЖШС-нан алғыс хат келді. Компания басшылары Палата ұжымына құқық бөлімінің сарапшылары сотта серіктестіктің мүддесін қорғап, сол арқылы кәсіпкерге бизнесін сақтап қалуға көмектескені үшін алғыс білдіріпті.

2013 жылдың ақпан айында «Цемент Орталығы» ЖШС айналым қаражатын толықтыру үшін, «AsiaKreditBank» банкінен 100 миллион теңге несие алған. 2014 жылдың орта шеніне дейін банк алдындағы қарызын уақытылы жабу арқылы серіктестік шарттың барлық талаптарын жауапкершілікпен орындап келген. Алайда кейінірек кәсіпкер қаржылай қиындықтарға кезігіп, соның салдарынан бірнеше уақыт қарызды өтеу кестесін бұзған. Алайда 2015 жылдың ортасынан бастап ол қарыздарын есепке ала отырып, төлемді қайта жаңартқан.

Алайда «AsiaKreditBank» АҚ-ның Атыраудағы филиалы қалалық сотқа «Цемент Орталығы» ЖШС-дан құны 204 миллион теңгеге бағаланған, кепілде тұрған ойын-сауық орталығын сату арқылы қарызды өндіріп алу туралы талаппен арыз берген. Бұл бизнестің жабылып, ондағы барлық жұмысшылардың жұмыстан шығуына әкеп соқтырар еді. Кәсіпкердің қайта құрылымдау туралы ұсынысын банк елеусіз қалдырған.

Сондықтан, серіктестік басшылығы Палатаға аппеляциялық инстанция сотында істің оң шешілуіне көмек беруін сұрап өтінішпен келген. Тыңдау нәтижесінде сот банктің талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартты. Нәтижесінде, кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшік құқын сақтап қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер