«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандарға деген қажеттілікті жоспарлау қажет

2019 жылғы 19 Ақпан
- Павлодар облысы
12783 просмотров

Кез келген фирманың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты факторы –жоғары білікті қызметкерлердің болуымен өлшенетіні жасырын емес. Бұл аксиома нақты кәсіпорын шеңберінде ғана емес, бүтін мемлекет бойынша өзекті. ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясова осындай пікріде.

Мамандарды жақсарту  Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басымыдыққа ие міндеттерінің бірі болып отыр. Осы бағытта кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жақсы нәтиже көрсетуде. Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі кәсіпорындарды дуальді оқыту бойынша қамту 57%-ға артқан.

Дуальді жүйені енгізу картасына 12 колледж кірді. Мұнда көлік жөндеу шебері,  техник-металлург, техник-технолог сынды 10 мамандық бойынша дайындық жүреді.

 –Бақытжан Ілиясқызы, дуальді білім беруде бұл жұмыс барлық мүдделі тараптардың кешенді атсалысуын талап ететінін түсінеміз. Осы бағытта Палатаның серіктестері туралы айтып кетсеңіз..

–Дұрыс айтасыз. Қазір еңбек нарығында білікті мамандарды дайындауға талап күшейген. Біздің кәсіпкерлер мамандар дайындау үдерісіне қатысып жатқаны қуантады. Биыл 62 кәсіпорынмен үшжақты келісім жасалған.

Мәселен, «ЛРЗ Алға» ЖГС және «KSP Steel» ЖШС Павлодар машина жасау коледжімен 2015 жылдан бері серіктес. Мұнда 2018 жылы дуальді білім беру нігізінде 30 студент құю өндіріс бойынша оқып шықты, оның іішінде 22 студент аталған кәсіпорындарға жұмысқа тұрған. «павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС 2013 жылдан бері Павлодар химия-механикалық колледждің әлеуметтік әріптесі болып келеді.

2018 жылы бұл формамаен 18 студент «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы» және «Мұнай өңдеу өндірісі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша оқып шықты. Дуальді оқыту 623 бейінді кәсіпорын базасында ұйымдастырылған.
108 инженер-педагогикалық қызметкер облыстың жетекші кәсіпорындары: «қазақстан алюминиі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуразиялық энергетика копрорациясы» АҚ, «Палодар мұнай-химиялық зауыт» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Ақтоғай-Агро» шаруа қожалығынан тағылымдамадан өтті.  

 Дуальді білім беру жүйесі өз нәтижелілігін көрсеткенін байқап отырмыз. Қысқа уақытта мамандығын ауыстырғысы келетіндерге не істеуге болады? Бұл бағыт еңбек нарығын жоғары білікті және талап етілетін мамандармен толтыруда маңызды.

Өңірлік палатада 24 ұйымнан тұратын білім беру ұйымдарының тізілімі құрылған. Жыл сайын өңірдегі еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мамандықтар тізімін анықтаймыз. Осылай, былтыр талдауға 73 кәсіпорын қатысты, жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 799 адамды құрап отыр. Ал мамандарды дайындау қайта дайындау біліктілігін арттыруда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жақсы демеу. Мәселен, 2018 жылы 10 оқу ортылығы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жұмылдырылды. Онда 522 адам оқып, 287 түлек жұмыспен қамтылды.

–Жұмыста қандай проблемалар туындайды?

–Әрине, мамандарды дайындауда оң нәтижелерді айтумен бірге бірнеше түйткілді атап кетпесе болмайды. Сала мен біліктілікті есепке ала отырып,  Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік дайындау бойынша 1 тыңдаушыға оқытуды бөлу әдістемесі жоқ.
Тағы бір жайт:  шағын және орта бизнес мамандарға деген қажеттілікті алдағы бірнеше жылға қарай болжамайды. Осыған байланысты кәсіпкерлер мамандарды қысқа мерзімде 3-6 ай ішінде дайындауды талап етеді. Мәселен, аспаз, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисті, слесарь-жөндеуші, электр-газ дәнекерлеушісі, шаштараз, тігінші мамандықтары бойынша.

Алайда, мамандарды дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс оқу мерзімін 1 жылдан 3 жыл 10 ай аралығында қарастырады. 2019-2021 жылдарға мамандарға деген қажеттілік 1388 адамды құрайды. Тағы бір айта кететін жайт, еңбек нарығына сәйкес мамандар тапшылығын анықтаудың автоматтандырылған бағдарламасы жоқ. Мысалы қажеттілік болжамын жасарда орта және ірі кәсіпорындар қамтылады. Ал түлектердің жұмыспен қамтылуы зейнеткерлік салымдары арқылы бақыланады, ал еңбекпен қамтыл пайызын мамандық бойынша жүйелі қадағалау жоқ.

 Мысалға, 2017 жылы еңбекпен қамтылу пайызы түлектердің растайтын құжаттары бойынша 71,4%-ды құрады, ал зейнетақы қоры деректері бойынша растау көрсеткіші – 43%-ға тең. Демек, жұмыспен қамтылу пайызы есепке алынбайды.

 –Әңгімеңізге рахмет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер