«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тексеру туралы ескертпегені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

2019 жылғы 30 Мамыр
- Атырау облысы
8559 просмотров

 Атырауда шенеунік кәсіпкерлерді заңсыз тексергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына Атырау қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерде тамақтануды қамтамасыз етумен айналысатын бизнес субъектілерінен ұжымдық шағым келіп түсті. Өтінімде қалалық білім беру бөлімінің жетекшісінің орынбасары бастаған бір топ адам кәсіпкерлер жалдап отырған мектеп асханаларына тексеру жүргізген. Осы ретте тексерулер туралы алдын ала хабарламалар жасалмаған.

Кейін анық болғандай, аталған тексерулер қоғамдық тамақтану нысандарын ары қарай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша пайдалану мақсатында олардың жағдайына талдау жүргізу үшін ұйымдастырылған.

 Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, топ мүшелері балаларға арналған дайын өнімдерді тексерді, барлық шкафтар соның ішінде қызметкерлердің киімі тұрған гардеробтар ашылды, ескертпелер дөрекі айтылып, барлық әрекеттер фото мен бейне таспаға түсірілді. Бизнес субъектілері бұл тексерулер олар жоқта, қолдарында сәйкес құжаттары мен рұқсаттары жоқ адамдармен жасалғанына, осы ретте қарапайым санитарлық нормалар сақталмай, тексерушілер халат, бахилалар және санитарлық кітапшаларсыз асханаларға кіргендері үшін наразылық білдірді.

 «Дәл сол күні Атырау облысы бойынша бизнес-омбудсменнің аппараты білім беру бөліміне аталған тексерулердің заңдылығы туарлы ақпаратты беруді сұрады. Біз облыста «Мектептерде тамақтануды ұсыну және ұйымдастыру бойынша халықаралық стандарттарды енгізу» МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы жауап алдық. Іс-шаралар ішінде – жоспарланған инвестициялар құнын анықтау үшін мектеп асханаларының жағдайына талдау жүргізу бар. Осыған байланысты қаладағы 10 мектепке арнайы тексеру тобы жіберлген, деп түсіндірді қалалық білім беру бөлімінде. Алайда, қалалаық білім беру бөлімі жетекшісінің орынбасары мектептердің басшылығына жоспарланған тексерулер туралы хабарлама жібермей, жоғарыда аталған бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Құқықтық қорғау бөлімінің сарапшысы Құралай Жұбанова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер