astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
транспорт
көлік

(лат. transporto — тасу, орын ауыстыру) Әртүрлі мақсаттағы адамдар мен жүктерді, шикізат пен дайын өнімдерді бір орыннан екінші орынға жеткізу үдерістерін қамта­ масыз ететін, тасымалдау құралдарының жиынтық атауы

арнаулы мақсаттағы көліктер — транспорт специального назначения әуе көліктері — воздушный транспорт жеке көлік — индивидуальный транспорт көлік алымдары — транспортный сбор көлік жүкқұжаты — транспортная накладная көлік жүргізушісі — водитель транспорта көлік құжаттары — транспортные документы көлік құралдары — транспортные средства көлік құралдарына салық төлейтін салық төлеушілер — плательщики транспортного налога көлік құралдарына салынатын салық — налог на транспортные средства көлік қызметтерінің маркетингі — маркетинг транспортных услуг көлік өнімдері — транспортная продукция көлік тарифтері — транспортные тарифы көлік тасымалы — транспортная перевозка көлік шығасылары — транспортные издержки көліктің жүк айналымы — грузооборот транспорта көлік-экспедиторлық қызмет көрсету — транспортно-экспедиторское обслуживание қоғамдық көлік — общественный транспорт теміржол көліктері — железнодорожный транспорт

трансфер
трансфер

ағыл. to transfer — ауыстыру Бизнес саласына тікелей және ішінара қатысы бар бірнеше мағынасын атауға болады: 1)бір банктегі ақша қаражатын екінші банктегі есепшотқа аудару; 2) жолаушыны бір мекеннен алдын ала келісілген мекенге жеткізу.

трансфер жасау — перевести трансфером технологиялар трансфері — трансфер технологий көлік трансфері — транспортный трансфер банк трансфері — банковский трансфер бизнес-үдерістер трансфері — трансфер бизнес-процессов

труд
еңбек

Ойлау және дене шымырлығы қабілеттерін, дағдылары мен білімін, тәжірибесін пайдалана отырып, жеке өз басының және қоғамның игіліктерін дамыту мен қанағаттандыруға бағытталған және саналы түрдегі қызмет

дене еңбегі — физический труд еңбек әлеуеті — трудовой потенциал еңбек бөлінісі — разделение труда еңбек демалысы — трудовой отпуск еңбек ету — трудиться еңбек келісімшарты — трудовой контракт еңбек келісімі — трудовое соглашение еңбек кодексі — Трудовой кодекс еңбек қабілеттілігінен айырылу — потеря трудоспособности еңбек өнімділігі — производительность труда еңбек өнімділігінің төмендеуі — падение производительности труда еңбек өтілі — трудовой стаж еңбек сіңірген жылдар — выслуга лет еңбек таластары — трудовые споры еңбек теңгерімі / балансы — баланс труда еңбекке ақы төлеу — оплата труда еңбекке жарамсыздық — нетрудоспособность еңбекке қабілеттілік — трудоспособность еңбекке сыйақы — вознаграждение за труд еңбеккүн — трудодень еңбекті қорғау — охрана труда еңбекті нормалау — нормирование труда еңбекті оңтайландыру — рационализация труда еңбекті ұйымдастыру — организация труда жалданбалы еңбек — наёмный труд ой еңбегітруд — умственный труд

убытки
залал

Шығынның табыстан жоғары болуы нәтижесінде материал­ дық және қаржы ресурстарының, өнімдерді өтімді ете алмудың төмендеуі, ақшалай түрдегі шығын.

апаттан туындаған залал — убытки от аварии жеткізілімнен туындаған залал — убытки по поставке зақымданудан туындаған залал — убытки от повреждений кредиттен туындаған залал — убытки по кредитам негізгі қызметтен туындаған залал — убытки от основной деятельности несиеден туындаған залал — убытки по ссудам өрттен туындаған залал — убытки от пожара сақтандырудан туындаған залал — убытки в страховании салық төлеу алдында туындаған залал — убытки перед уплатой налогов

увеличить / увеличивать
көбейту

Арттыру, жақсарту

100 пайызға көбейту — увеличить на 100 процентов бiртiндеп көбейту — увеличить постепенно бiршама көбейту — увеличить немного екi есе көбейту — увеличить вдвое жалақыны көбейту — увеличить зарплату жүктеменi көбейту — увеличить нагрузку жұмсалатын қаржыны көбейту — увеличить затрачиваемые финансы жылдамдықты көбейту — увеличить скорость кiрiстi көбейту — увеличить доходы қуатын көбейту — увеличить мощность (чего-то) норманы көбейту — увеличить нормы өнiмдi көбейту — увеличить продукцию пайданы көбейту — увеличить прибыль салықты көбейту — увеличить налоги санын көбейту — увеличить численность (чего-то) табысты көбейту — увеличить прибыль тез көбейту — увеличить быстро үлестi көбейту — увеличить долю шапшаң көбейту — увеличить стремительно

уполномоченный
уәкілетті

Басқа заңды тұлғаның, жеке тұлғаның өкілі болып табыла­ тын, солардың атынан іс­қимыл жасауға құқық берілген заңды тұлға немесе жеке тұлға

уәкілетті аудитор — уполномоченный аудитор уәкілетті банк — уполномоченный банк уәкілетті заңды тұлға — уполномоченное юридическое лицо уәкілетті орган — уполномоченный орган уәкілетті органның шешімі — решение уполномоченного органа

управление
басқарма

Кәсіпорын, мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыратын жетекші орган.

бас басқарма — главное управление басқарма бастығы — начальник управления басқарма қызметкерi — сотрудник управления кадрлар басқармасы — управление кадров облыстық басқарма — областное управление

управление / управлять
басқару

Көзделген нәтижелерге қол жеткізу мақсатында адамдардың, ұйымның, кәсіпорынның, экономикалық объектілердің жұмысына жеке адамның, органның тарапынан жүзеге асырылатын жетекші іс­қимыл

активтерді басқару — управление активами басқару әдістері — методы управления басқару жүйесін қайта ұйымдастыру — реорганизация управленческой системы басқару қағидаты — принципы управления басқару құрылымы — структура управления басқару субъектілерінің құқықтары — права субъектов управления басқару тұтқалары — рычаги управления басқару шығыстары — расходы управления басқарудағы шаруашылық есеп әдісі — хозрасчётный метод управления басқаруды жетілдіру — (у)совершенствовать управление басқаруды орталықтандыру — централизация управления басқарушы-кәсіпкер — управляющий-предприниматель басқарушылық шешім — управленческое решение жергілікті басқару органдары — местные органы управления орталықтандырылған басқару — централизованное управление

уровень жизни
тұрмыс деңгейі

Халықтың материалдық және рухани игілікті тұтынуының, осы игіліктерге қанағаттануының дәрежесі.

тұрмыс деңгейін көтеру — повышение уровня жизни тұрмыс деңгейінің индексі — индекс уровня жизни

устав
жарғы

Мемлекет, ұйым мен мекеме, сондай­ақ мүліктің жеке иесі тарапынан жасалатын қағидалар жиынтығы. Жарғы арқылы: 1) ұйымның, мекеменің құқықтық мәртебесі; 2) басқа ұйымдармен, мекемелермен қарым­қатынастары; 3) мекеме, ұйым қарамағын­ дағы қызметкерлердің міндеттері мен функциялары, басқа да мәселелер реттеледі

жарғылық қор — уставный фонд жарғылық капитал — уставный капитал акционерлік компания жарғысы — устав акционерного общества ішкі қызмет жарғысы — устав внутренней службы жарғы негізінде — на основе устава жарғыға сәйкес — по уставу

Еншілес ұйымдар

Серіктестер