«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Басты мәселе – жұмыс жасау!

2015 жылғы 12 Ақпан
- Атырау облысы
11043 просмотров

Елдің кәсіпкерлік секторы қажет қаржылық қаражатпен қамтамасыз етіледі. Ол үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлінді. 11 ақпанда Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан Елбасының сөзі елдің бизнес-қоғамдастығын қуантып, жігер бергені сөзсіз

Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзіндегі ешбір елдің өз кәсіпкерлеріне бизнес жүргізу үшін осындай жағымды да ыңғайлы жағдай жасамағанын баса айтты. Бұл жағынан толық келісемін. 

Шынымен де, соңғы жылдары мемлекет түрлі рұқсаттарды қысқарту бойынша қыруар жұмыс жасады. Былтырғы жылы кәсікерлікті қоллдауға Ұлттық қордан 200 млрд. теңге, биыл қосымша 100 млрд. теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар, мемлекет басшысы хабарлағандай, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 92,5 млрд. теңге сомасына ШОБ-ты қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан кредиттік желілер тартуды бастады. Бұл да бизнес үшін аса қор көлемдегі қолдау. Ендігі жерде кәсіпкерлер ұсынылған мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануға тиіс және отандық экономиканы қолдау мақсатында өз күшін біріктіруі керек.    

Әрине, бизнестің түйткілі баршылық. Әлемдегі күрделі экономикалық ахуалдың әсерін де жоққа шығаруға болмайды. Алайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің түйткілдерімен айналысады. Біздің кәсіпкерлерімізді толғандырып жүрген негізгі мәселелер – бұл жер қатынастары, салықтық әкімшілеу, монополистермен қарым-қатынастар, сыртқы визуалды жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу, кедендік процедуралар және басқалары. 

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының жанында бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмыс жасайды, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Болашақта қалада және аудандарда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашу жоспарлануда. Менің ойымша, осы шаралардың барлығы және мемлекет тарапынан жасалып жатқан маңызды қолдау кәсіпкерлердің әлемдегі күрделі экономикалық ахуалдың әсерін сезбеуіне ғана емес, өз көрсеткіштерін біршама көтеруіне де көмектеседі. 

Асылбек Жәкиев, 

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры


Еншілес ұйымдар

Серіктестер