«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Өңірлік даму картасы экономиканы әртараптандырудың қуатты құралына айналады»

2015 жылғы 17 Наурыз
- Атырау облысы
11233 просмотров

Отандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілер мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын шетелдік және бірлескен компаниялармен, сонымен қатар «Самұрық-қазына» қорының құрамына кіретін компаниялармен ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасау мүмкіндігіне ие болады. ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Атырауда өткен Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің отырысында осылай деп хабарлады.

ҰКП басшысының ойынша, Картаны әзірлеу кезінде жергілікті мазмұнды дамыту мәселелерін, сонымен бірге, отандық тауар өндірушілер үшін кепілдендірілген өткізу және ұзақ мерзімдік келісім-шарттарды да ескеру қажет.

- Ірі жер қойнауларын пайдаланушылардан, «Самұрық-Қазына» компаниясынан сатып алулар барлық өңірлерде және жалпы Қазақстанда жергілікті өндірісті дамыта алуымыз үшін  қуатты қозғалтқыш болмақшы. Біз ол үшін жеткізулерге ұзақ мерзімдік келісім-шарттарды жасасу мүмкіндігі болуы жағында жұмыс жасап жатырмыз. Және де жергілікті мазмұн мәселелері – бұл ең маңызды басымдылықтардың бірі. Бұл жұмыс Елбасының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатыр. Қазақстандық бизнес ұлттық компаниялардың ғана емес, бірлескен, ірі мұнай-газ жобаларында жұмыс жасайтын компаниялардың да сатып алуларын игере алады және игеруге тиіс, - деді Тимур Құлыбаев.

Сонымен бірге, ҚР ҰКП Төралқа Төрағасының айтуынша, отандық бизнеске де үлкен жауапкершілік жүктеледі. Компаниялардың тендерлерге қатыса отырып әдейі төмендетілген баға ұсынатыны құпия емес.

- Бұл демпинг. Егер төмен баға ұсынылып отырса, келісім-шарттың орындалмайтыны жәнне компаняиның қосымша қаржыландыру сұрау үшін жарты жолда тоқтап қалатыны түсінікті. Сондықтан да ҰКП жанынан Нарық сараптамасын мониторингілеу орталығы (НСМО) құрылып, ол жер қойнауларын пайдаланушылар хабарлайтын сатып алуларға тендерлерге берілетін бағаға талдау жасайды. Осылайша, қалыпты баға дәлізі сақталатын болады, - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға белсенді түрде тартуды басты басымдылықтардың бірі ретінде белгіледі. Ұлттық палатаның бастамасы бойынша жергілікті атқару органдарымен бірге барлық өңірлерде Өңірлік карталарды дайындау жөніндегі Жұмыс топтары құрылды.

ҮИИДМБ-2 жүзеге асыруға үлкен қаражат бөлінеді, сонымен бірге қосымша инвестициялар, соның ішінде, шетелдік әріптестерді тарту қажет.

Индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші бес жылдығы барысында Атырау облысында 1,3 трлн теңге мөлшеріндегі жалпы сомаға 8 жоба жүзеге асырылмақшы. Құрылыс процесінде 19,5 мың жұмыс орны құрылып, оның ішінде 2 800 тұрақты орын болады, деп хабарлады бүгін Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі отырысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

- Өңірлік даму картасы экономиканы әртараптандыру және өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін анықтау, олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің қуатты құралына айналуға тиіс. Индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру – мемлекетті нығайту үшін Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген басты институционалдық реформалардың бірі, - деді ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыруға белсенді тартуды басымдылық етіп белгіледі. Аумақтық кластерлер құру бастамаланды. Соның ішінде, Атырау облысында құрылыс материалдарын өндіру бойынша кластер мен балық кластері құрылуда.

- Картаны әзірлеуде жергілікті мазмұн, сонымен бірге кепілдендірілген  өткізу және отандық тауар өндірушілер үшін ұзақ мерзімдік келісім-шарттар мәселелері сөзсіз ескеріледі, - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер