«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сервистік компанияларды іріктеу: ашықтыққа кепілдік берілген

2015 жылғы 17 Маусым
- Атырау облысы
14968 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау бойынша қызмет ұсынуға Атырау облысынан 4 компания өтінім берді. Бұл «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Қаржылық және салықтық консультанттар палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Консул» Консалтингтік компаниясы, «Grata» Заңгерлік компаниясы және «Атырау облысы Кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігі. Бүгін Атырауда сервистік қызметтерді сатып алу бойынша комиссия отырысы өтті.

Сервистік компанияларды іріктеу 4 бизнес-қызмет түрі бойынша өткізіледі: бұл кедендік процедуралар бойынша, менеджмент мәселелері бойынша қызметтер, менеджмент жүйесін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толықтай сүйемелдеу.

Сервистік компанияларды іріктеу бойынша арнайы құрылған комиссия құрамына мемлекеттік, бақылау-қадағалау, құқық қорғау органдары, Атырау облысы өңірлік Кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдері кірді. Отырыс барысында өтінім беруші компаниялар өкілдерінің қатысуымен комиссия мүшелері конверттерді ашты және компаниялар ұсынған құжаттардың толықтығын және талаптарға сәйкестігін тексерді.

Процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті. Отырыс барысында толығымен үздіксіз бейнетүсірілім жасалды.

Сервистік компанияларды іріктеу бойынша байқау қорытындылары 2015 жылғы 19 маусымда өтетін комиссияның келесі отырысы барысында жасалады. Нәтижелер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер