«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің одағы пайда болады

2015 жылғы 17 Шілде
12274 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында ұйым құру бастамашыларының алғашқы жұмыс жиналысы өтті

«Құрылуы жоспарланып отырған Одаққа біздің саланың өкілдері – тікелей өндірушілердің өздері кіреді. Көбінесе: одақтың немесе қандай да бір қауымдастықтың не мәні бар?, - деп жатады. Иә, Одақ өз бетінше материалдық құндылық жасамайды. Бірақ оның мәні бұдан өзгеріп кетпейді. Жеңіл өнеркәсіп өндірушілері одағының басты міндеті – бұл, ең алдымен, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, осы сала үшін кадрлар даярлайтын оқу орындары өкілдері, жалпы елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін тәжірибесі мен білімін қолдануға болатын жоғары кәсіпқой мамандар арасындағы қауымдасуға жәрдемдесу», - деп атады «ПИК ASTANA Ютария ltd» ЖШС бас директоры, Іскер әйелдер кеңесінің және Ұлттық палата Шағын және орта бизнес комитетінің мүшесі Сәуле Шәуенова.

Ол сонымен қатар Одақ жұмысы ең алдымен жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары беделін нығайтуға және жалпы саланың жағымды имиджін қалыптастыруға бағытталатынын да атап өтті.

ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы Нұрлан Сақуов, өз кезегінде, Ұлтық палатаның шоғырлануға бағытталған бастамаларын қолдайтынын айта кетті.

«Өңдеу өнеркәсібі комитетінде 6 бағыт бар, сәйкесінше, 6-7 салалық қауамдастықпен, сонымен бірге ҰКП-да аккредиттелмеген қауымдастықтармен де тығыз жұмыс жасаймыз», - деді ол.

Нұрлан Сақуовтың айтуынша, комитет ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірге 2019 жылға дейін жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспарын дайындау және іске асыру жағында жұмыс жасап жатыр.

Ол сонымен қатар ҰКП-ның сала өнімін ішкі және сыртқы нарықтарда өркендету жұмыстарын жасап жатқанын атап өтті. «Бұл жағдайда «Қазақстандық мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік (NADLoC)» АҚ даму институтымен жұмыс жасаймыз. Жеңіл өнеркәсіп өнімі сапасы және бағасы жөнінен халықтың сұрауына жауап беруге тиіс. Біз ішкі әлеуетті өсіруге тиіспіз. Жергілікті мазмұнды арттыруға күш саламыз», - деп түсіндірді Ұлттық палата өкілі.

Отырыста болашақ Одақ жұмысын талқылаумен қатар, қайырымдылық акциясының аясында сыйлықтар табысталды. Сонымен, есту жөнінен бала кезінен 3 топ мүгедегі Зәуреш Қазиева «ZOJE» әмбебап тігін машинасына ие болды. Сонымен қатар, Қазақ технология және бизнес университетіне өтемсіз негізде «Стилон» – «У» тігін өндірісі оқу бағдарламасы табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер