«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Газ мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы

2015 жылғы 18 Қыркүйек
- Атырау облысы
11427 просмотров

Атырауда газбен қамсыздандыру мәселелері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы құрылады.

Газбен жабдықтаушы ұйым басшылығының айтуынша, нысан аталмыш саладағы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың көптеген толғақты мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында белгілі болды.

Аталмыш мәселе Кеңес мүшелерінің талқылауына кездейсоқ шығарылған жоқ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жыл басынан бері бизнес субъектілерінен газбен жабдықтаушы ұйымдар атына шағымдармен 40-тан астам өтініш келіп түсті.

«Кәсіпкерлер, негізінде, монополист берген техникалық шарттарды орындауға көп шығын кететініне шағымданады. Газ құбыры жанынан өтіп, газ бөлуші шкаф кәсіпкердің ауласында тұрса да, оған қосылу нүктесі нысаннан 500-600 метр жерде орналасқан техникалық шарттар беретін жағдайлар да орын алған», - деп жеткізді өз сөзінде Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

Оның айтуынша, монополистердің өз интернет-ресурсында бос әрі қолжетімді қуаттылықтар болуы туралы, желілердің өткізу қабілеттері, сонымен қатар инженерлік коммуникациялар желілері туралы ақпаратты тоқсан сайын орналастыруын нұсқайтын 2015 жылғы 5 мамырдағы №312 заң бар.

«Монополистердің аталмыш бағытта қандай жұмыс атқарып жатқанын жұмыс тәртібінде жазып беруі үшін, олардың өздеріне сұрау жібердік. Өкінішке орай, жауап келген жоқ. Содан Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитеттің облыстық департаменті мен прокуратураға хат жолдадық. Департаменттен жауап келді. Онда үш электронды мекенжай көрсетіліпті. Олардың біреуі «Атырау-Жарық» кәсіпорнының сайты болып шықты, онда бәрі дұрыс, екіншісі – біреудің электронды мекенжайы, үшіншісі тіпті әуежайдың сайты болып шықты», - дейді Палата өкілі.

«ҚазТранГазАймақ» ӨФ басшысы Абай Әмірханов өз кезегінде күніне жеке тұлғалардан шамамен 100 өтініш, заңды тұлғалардан кем дегенде 30 өтініш келіп тұратынын айтты.

«Газ қысымы және көлемі төңірегіндегі жағдай сағат сайын болмаса да, күн сайын міндетті тәртіпте өзгеріп тұрады. Халыққа бос қуаттылықтар туралы ақпаратты жедел ұсынып отыру үшін, бүтін бір қызметті ұстап тұруымыз қажет, ал бұл қосымша шығын», - деп атады филиал басшысы.

Ол бұл лауазымға жақында ғана тағайындалғанын, енді бұрындары газбен жабдықтау ұйымының жергілікті филиалын басқарған Қостанай тәжірибесі бойынша газбен қамсыздандыру мәселелері бойынша мамандандырылған ХҚКО ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Жаңа нысан үстіміздегі жылдың қараша айында іске қосылуға тиіс.

Абай Әмірхановтың айтуынша, ол Атырауға басшы болып тағайындалған сәттен бері «ҚазТрансГазАймақ» қызметкерлері арасынан берілмеген немесе қымбаттатып берілген техникалық шарттарды қайта қарайтын арнайы комиссия құрылған.

«Артель Инжиниринг» ЖШС өкілі Дмитрий Сергеев газбен жабдықтаушы ұйым басшысының сөзін растады. Жақында компания жаңа техникалық шарттар алыпты, онда қосылу сомасы бірнеше есе аз көрсетілген. Сәл бұрын газбен жабдықтаушы ұйым жұмысты 30 млн теңгеге бағалаған еді. Ал бұл газ құбыры да, газ бөлуші шкаф кәсіпкер нысанының аумағында тұрғанның өзінде осынша соманы көрсеткен. Ескі техникалық шарттарға сәйкес, оларға нысаннан 650 метр жерде орналасқан қосылу нүктесін ұсынған.

Алайда кәсіпкердің монополиске қояр басқа да сауалдары жетіп жатыр. Бизнесмендер сонымен қатар кәсіптік-техникалық қызмет көрсету процедурасының тым жиі жүргізілетініне шағымданады. Олар сондай-ақ аталмыш жұмыстардың жүргізілу сапасына да риза емес. Көктемгі кезеңде газ жабдығына сүргі салуға 100% алдын-ала төлем жасалуы қажеттігіне назаланады.

Газбен жабдықтаушы ұйым өкілі Кеңес отырысында айтылған түйткілдердің барлығы назарға алынып, бизнес субъектілері үшін жағдайды жақсарту бойынша сәйкес жұмыс жүргізілетінінен атап өтті. Ал жергілікті деңгейде шешілмей жатқан мәселелер орталыққа жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер