«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атыраулық іскер әйелдер туралы кітап

2016 жылғы 12 Ақпан
- Атырау облысы
11939 просмотров

Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында Атырау облысындағы іскер әйелдер туралы кітап жарық көреді.

Кітапты шығару туралы бастаманы Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі көтерген.

Кеңес мүшелері кітаптың тұсаукесерін наурыз айының басында өтетін Атырау облысы Іскер әйелдер форумы кезінде өткізуді жоспарлап отыр. Кітапқа шамамен облыста бірқатар табыстарға жеткен 50-60 бизнесвумен туралы ақпараттар кіреді деп күтілуде. Оқырмандар кітаптан олардың өмірбаянымен, еңбек жолымен, қазіргі жетістіктерімен танысып және байланыс мәліметтерін таба алады. Осылайша, кітапты шығарушылардың пікірінше, кітап табысқа жеткен іскер әйелдердің кәсіпкерлік тәжірибесін насихаттап қана қоймайды, сонымен бірге жаңа бизнес-серіктестер тарту үшін жағдай жасайды.  

«Бұл кітап түгелімен кәсіпкер әйелдерге арналған Атыраудағы алғашқы кітап болмақ. Біз оған ең лайықты кандидаттар кіреді деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні кітап материалдарын жинақтау жұмыстары жүріп жатыр, кандидаттарды таңдауда басты назар олардың кәсіпкерлік саласындағы өтіліне, олардың кәсібі арқасында қанша адамның жұмыспен қамтылғанында болады», – деді Атырау облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Атырау облысы Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының директоры Нина Темірбаева.   Бұл кітаптың жарыққа шығатыны туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі мүшелері Кеңестің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Жиынның көп бөлігі алдағы форумға дайындық мәселелеріне арналды. Оған бүкіл облыстан 200 кәсіпкер әйел қатысады деп күтіліп отыр.

«Біз үшін әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, оларға әсіресе ауылдық жерлерде тиісті көмек көрсету басты міндет болып отыр. Форум барысында біз әйелдер кәсіпкерлігі саласында анағұрлым өзекті мәселелерді қозғауды көздеп отырмыз. Экономикадағы ауытқуларды есепке ала отырып, біз аудандар мен облыстардағы анағұрлым күрделі тұстарды анықтап, өз күшімізді соған аударуымыз керек», – деп қорытындылады сөзін Кеңес төрағасы Әлия Бекқожиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер