«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тастан жасалған сұлулық

2016 жылғы 09 Наурыз
- Атырау облысы
13188 просмотров

Атыраулық кәсіпкер Айсұлу Оразбаева түрлі-түсті шағылды ландшафты дизайнда қолдануды ұсынады

Оның ойынша, кемпірқосақтың жарқын түстеріне боялған ұсақ тастардан жасалған түрлі композициялар әдемілік жағынан жас көшеттерден қалыс қалмайды.

Түрлі-түсті шағылды ландшафты дизайнда қолдану – біздің өңіріміз үшін жаңа бағыт. Бизнестің осындай түрін ашу туралы ой былтырғы жылы туындаған. «Мен бизнеспен сонау 2000 жылдан бері айналысып келемін. Өз ісімді перделер салонынан бастаған болатынмын. Бүгінде біздің өніміміз клиенттерімізге жақсы таныс, әсіресе ұлттық ою-өрнекті перделер үлкен сұранысқа ие, еуропалық стильдегі перделер де бар. Одан бөлек, ұлттық нақыштағы киімдер тігумен де айналысамыз. Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін, әдемілікті қолдан жасауды ұнатамын. Біз жаңа жоба – түрлі-түсті шағылды ландшафты дизайнда қолдануды іске асырдық. Осы арқылы мен қаламыздың сұлулығына өз үлесімді қосқым келеді»,– дейді Айсұлу Оразбаева.

Оның сөзіне қарағанда, өндірісте жергілікті шағыл қолданылады, ал бояу әзірге сырттан әкелінеді. Бояу жұмысы арнайы технология бойынша жүзеге асырылады. Бояу әдісін Айсұлу бір ай бойы Белоруссиядан үйреніп келді. Оның топырақ пен өсімдіктер үшін зияны жоқ. Түрлі-түсті шағылды мен тіпті аквариум үшін де пайдаланамын. Жас көшеттерге ерекше күтім қажет болатын біздің климаттың ерекшеліктерін ескере отырып, балама ретінде түрлі-түсті шағылды пайдалануға болады. Оны көшелер мен ішкі бөлмелерге төсеуге болады. Аса бір күтім қажет емес, айына бір рет жуып қойсаңыз, ол қайтадан жап-жаңа тәрізді болып жарқырап шыға келеді. 5 жылға кепілдік беріледі»,– деп атап өтті Айсұлу Оразбаева.

Әзірге өнімге деген сұраныс аса көп емес. Кәсіпкер мұны өз тауарының атыраулық базардағы жаңа өнім екендігімен түсіндіреді. Алайда Айсұлу жақын арада жағдайдың өзгеретіндігіне сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер