«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын және орта бизнес – экономика тірегі

2016 жылғы 18 Наурыз
- Астана қаласы
9243 просмотров

Халықаралық тренер Максимилиан Федингер осындай пікірді ұстанады

Астаналық кәсіпкерлер палатасында австриялық бизнес-кеңесші «Клиенттің құлшынысын қалай ояту керек?» тақырыпта шеберлік класын өткізді. Шеберлік класы барысында Максимилиан Федингер астаналық бизнесмендермен және Палата сарапшыларымен өзінің бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті, тиімді маркетингтік тәсілдер мен бірқатар дүниежүзілік компаниялардың табысқа жетуі құпиясы турасында айтып берді.

Оның сөзіне қарағанда, кез келген компанияның табысқа жетуі үшін үш нәрсе қажет – ол өндірілетін өнім немесе қызметтің сапасы, сервис деңгейі және тікелей клиенттерді тарту процесі. Тауарлар мен қызметтерді сатып алушыларды тартудың ең  тиімді құралдарының бірі әлі де сарафандық радио болып отыр. «Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта кәсіпорындарды сақтаудың маңызы зор. Еуропаның тәжірибесі дәл шағын және орта бизнестің экономика тірегі екендігін көрсетеді. Бұл кәсіпорындар үшін оқу мен білім маңызды өлшемдердің бірінен саналады. Сондықтан біз жасап шығарған бағдарламада академиялық ештеңе жоқ, кәсіпорындар өздерінің бизнес саласында бірден қолдана алатын білім ғана қарастырылып отыр. Мен алғаш рет Қазақстанда 2001 жылы болғанмын, және бүгін мен осынау жылдар ішінде бұл елдің өте қатты дамығандығын атап өткім келеді. Сол кездегі ел мен қазіргі елдің арасында жер мен көктей айырмашылқ бар. Бізде Австрияда пайдалы қазбалар жоқ, бірақ бізде тек терең білімнің арқасында табысқа жетуге болатындығын түсінетін адамдар бар. Соның арқасында бүгінде Австрияның сауда маркалары бүкіл дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Енді біз өз тәжірибемізді өзге елдерге үйреткіміз келеді»,–деді Максимилиан Федингер.

Шеберлік класының тыңдаушылары таңдап алынған тақырыптың маңыздылығын атап өтті. «Барлық мәселе кеңінен қамтылып, егжей-тегжейлі түсіндірілді. Федингер мырза қазір барлық компаниялар біле бермейтін құпиялармен бөлісті. Осындай пайдалы шеберлік класы үшін алғысымызды білдіреміз»,–деді олар шара соңында.

Максимилиан Федингердің бизнесті дамыту саласында 28 жылдық тәжірибесінің, ЕО және БҰҰДБ-мен қаржыландырылатын 24 елдегі халықаралық жобаларға қатысу жағынан 12 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айта кеткен жөн. Жобаларды құрылымдау, бизнес-жоспарлар мен маркетингтік стратегиялар, сондай-ақ жарнама өнімдерін дайындау бойынша 100-ден астам компаниялармен жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол экспортты дамыту және жобаларды басқару мәселері бойынша белгілі тренер әрі мәжіліс спикері де болып табылады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер