«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуі

2016 жылғы 08 Маусым
14352 просмотров

Қазақстанның бүкіл бизнес-қоғамдастығы маусым айының басында Ақтөбе қаласында болған қасіретті жағдайды қайғыра қабылдады. Бейбіт кезеңде әскери қызметкерлер мен қатардағы азаматтардың лаңкестер қолынан қаза табуы барлық қазақстандықтардың ызасын тудырып отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы террористік шабуылдың салдарынан қаза болған жандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтады.

Біз құқық қорғау органдарының террористерге қарсы бағытталған және Батыс Қазақстанның индустриалды аймақтарының біріндегі жағдайды тұрақтандыру мақсатындағы әрекеттерін қолдаймыз. Құзырлы органдар мен жергілікті билік қылмыскерлер мен экстремистерге қарсы ымырасыз күресті жалғастырулары қажет. Біз бейбіт халықтың тыныштықта өмір сүруге деген тілегі мен ұмтылысын қолдаймыз.

Мемлекеттік органдар ғана емес, жалпы қоғам болып осындай қылмыстардың алдын алуға күш жұмылдыруымыз қажет деп есептейміз. Өз кезегінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекет салдарынан қайтыс болған қарапайым азаматтар мен әскери қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетуге дайын.

Сондықтан, қызметкерлеріміз террористер қолынан қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасыларын қолдауға үлес қосуға және бір күндік еңбекақы көлемінде, яғни 8 млн теңге шамасында көмек беруге ұсыныс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер