«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұздалған қиярдан дәм татыңыз!

2016 жылғы 27 Шілде
- Атырау облысы
9715 просмотров

Атырауда консервіленген қиярлар жергілікті тұрғындардың ас мәзіріне кірді

Атырауда индустриалды-инновациялық даму  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында көкөністерді өңдеу және консервілеу цехы ашылды.  «АтырауАгроФеликс» ЖШС атыраулықтарды тұздалған қиярмен қамтамасыз етпек.  Жобаны қаржыландырып, қолдау көрсеткен «Атырау ӘКК» коммерциялық емес ұйымы» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық арқасында тұтас агроөнеркәсіптік  кешен  салынды және іске қосылды. 

«Бір ай бойы қажырлы еңбек етсең, 25 мың дана екі литрлік қияр банкісін дайындауға болады, бір маусымда 75 мыңын жабасың. Егін жинау маусымдық іс болғанымен, «АтырауАгроФеликс»  кәсіпорны қызметкерлері жыл он екі ай жұмыс істейді. Көкөністі консервілеп болған соң, жұмысшылар арнайы салынған цехта корей салаттарын дайындауға кіріседі. Егіс өнімдері сыйымдылығы 8,5 тонна болатын көкөніс қоймасында сақталады», – деп әңгімелейді Енисей Юн. 

Қазіргі уақытта көкөніс өңдеу және консервілеу цехының тәуліктік өнімділігі қарқынды, «гунар» сұрыпты қиярдың 700-ге  жуық банкісі жабылды. Бүгінгі таңда мұнда 10 адам еңбек етеді.  

Өндіріс технологы Райгүл Ғұмарованың сөзіне қарағанда, жұмыс үдерісі жолға қойылған және өте қарапайым: ең әуелі қиярлар суға салынады, сосын мұқият жуылады, банкілерге салынады, сонан кейін маринад құйылады. Дайын өнімді сақтау мерзімі – 2 жылға жуық. Сонымен бірге көкөністер өзіне тән иісі мен түсін ұзақ уақыт бойы жоғалтпайды .

Цехта тек қана Махамбет ауданының «Феликс» шаруа қожалығы даласында  өсірілген өнімдер консервілетінін айта кеткен жөн. Дайын өнім қала сөрелеріне қыркүйек айында түседі деп жоспарлануда. Цех тамызда жергілікті қызанақтарды тұздауға кіріседі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер