Түйе өсіруге үйретеді
Атырауда түйе фермасын басқару жөнінде семинар өтеді
Түйе шаруашылығының өнімділігін қалай арттыру қажет және қос өркешті жануардан мол шұбат алудың жолдары қандай? Заманауи түйе фермасын қалай тиімді басқару қажет? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын атыраулық шаруалар 8, 9, 10 қыркүйек күндері «Первомайский» ЖШС базасында түйе шаруашылығын дамыту жөнінде өтетін семинар барысында біле алады.
«Біздің мақсатымыз – фермерлерді оқытып болып, олар туралы ұмытып кету емес, оларға семинарлар барысында бизнестерінің тиімділігін арттыратын заманауи шешімдерді, инновациялық технологияларды ұсыну», – дейді «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының ұйымдастырушылары.
Айта кетерлігі, семинарларға қатысу тегін. Семинарда теориялық сабақтармен қатар, тәжірибелік сабақтар да өтеді. Дәрісті CIRAD халықаралық агрономиялық ғылыми-зерттеу орталығынан (Франция) келген ФАО-ның (БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы) түйе өсіру жөніндегі халықаралық сарапшысы және ФАО-ның Туриндегі түйе сүтін қайта өңдеу жобасын іске қосу жөніндегі халықаралық сарапшысы, тағамтану ғылымдарының докторы Гаухар Қонысбаева оқиды.
Семинарларды өткізу үшін «Первомайский» ЖШС бекер таңдалған жоқ. Махамбет ауданында ораналсқан шаруашылық 65 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатыр десек, соның 60 жылында түйе өсірумен шұғылданған. 1999 жылы серіктестік қазақ бактерианын өсіру бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы дәрежесін алды. Бүгінде мұнда 800 бас қос өркешті жануар өсіріледі.
Семинарға қатысу жөніндегі сұрақтар бойынша Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады: 8 (7122) 777-606, 8 701 341 52 55, Ғалиулла Тұрағалиев.
Фермерлердің естеріне сала кететін жайт, бүгінде отандық ауылшауашылық тауарларын өндірушілерге арналған, отандық агробизнеске тәулігіне 24 сағат бойы өндірістік кеңес алуға мүмкіндік беретін әмбебап интернет-ресурс жұмыс істеуде. Түрлі сұрақтар бойынша www.fermers.kz ақпараттық-талдау порталына кіріп мағлұматтар алуға, сондай-ақ 8 7172 59-79-60 нөміріне телефон соғуға болады. Қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: