«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Саяси кеңес алдында сараптады

2016 жылғы 25 Қазан
- Жетісу облысы
11497 просмотров

Іскер әйелдер «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес мүшелерімен кездесті

Ұлт жоспарының «100 қадамы» қалай орындалып жатыр? Кәсіпкер әйелдердің мемлекеттік бағдарламаны орындаудағы рөлі қандай?  Іскер әйелдерді не толғандырады және олардың мәселелерін шешуге партия қалай көмектесу керек?

Осы және өзгеде сауалдар Кәсіпкерлер палатасы алаңында қызу талқыланды. Оған жергілікті бизнес-қауымдастық, мемлекеттік орган және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев қоғамда және мемлекетте әйелдердің рөлі артып отырғанын атап өтті.

«Біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі партия қатарына жастарды тарту болып табылады. Сонымен қатар нәзік жандарды басшылыққа тарту идеясын насихаттау да басты орында. Өйткені әйелдер тек қана тиімді менеджер немесе жақсы қызметкер емес, сонымен қатар олар көп жағдайда пара беріп, пара алуға кұлықты емес. Сондай-ақ, біз кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді қолдауымыз керек. Өзіміз көріп отырғандай, олар отбасында ғана емес, бизнесте де табысты. Еліміздің қоғамдық өміріне де белсенді араласып жүр», – деді Ғ.Сарыбаев.

Іскер әйелдер қауымдастығы филиалы басшысының орынбасары Людмила Ким, мемлекеттің, қоғам мен бизнестің  бірлескен жұмысы кәсіпкерлікті жүргізуде жақсы жағдай қалыптастырып, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыратынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан, гендерлік саясатты жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде әлемде 31-орынға ие.

Палатаның Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Мамила Мұсабекова, әріптестерінің сөзін жалғастыра отырып, Кеңестің Қауымдастықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.

«Біз бір істі қолға алдық. Ол көп нәрседен хабар береді. Кеңестің әйелдер кәсіпкерлігі саласында жеткен басты жетістігі ретінде барлық аймақта келіссөз жүргізу алаңын құра алғанын айта аламыз. Енді осы алаңдарда біз жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ, ауылдық тұрғындар мемлекеттік қолдау, қаржыландыру және басқа да мәселелер жөніндегі ақпаратқа зәру екенін атап өткім келеді», – деді М.Мұсабекова.

Жиынға қатысушылардың айтуынша, қаражат қолжетімді тәсілмен ауылға жетуі керек. Ауылдар мен аудандарда екінші деңгейлі банктердің болмауы себепті, ауылдық жерлерде бизнесті дамыту мүмкін емес. Сол себепті партия мүшелерінен аталған мәселені Мәжіліс депутаттарының алдында көтеруін сұрады.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның ойынша, заңдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік органдар  әкімшілік кедергілерді жою ісін қолға алуы керек.

«Мемлекеттік органдардың KPI (Key Performance Indicator) көрсеткішіне әкімшілік кедергілерді жоюды енгізу керек. Заң жаңа мәселелерді туындатпай, осы және өзге де мәселелерді қадағалап отырғаны жөн. Бүгінгі жағдай кейбір нормативтік заңнама актілерінің бір-біріне кереғар екенін көрсетіп отыр. Соның салдарынан кедергілер туындап жатыр», – деп атап өтті Л.Шыңғысбаева.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдармен және қоғаммен байланыс жөніндегі Орталық Азия университетінің өкілі Райхан Сисекенова әйелдер бизнесінің статистикасының жоқтығына қатысушылардың назарын аудартты. Соның салдарынан жалпы жағдайды бақылау мүмкін болмай отыр.

«Әрине, біз бизнесті бөліп отырған жоқпыз. Алайда бізге ұсыныстар мен өзгерістерді енгізіп, зерттеу жүргізу үшін кәсіпкер әйелдердің нақты санын, қай саланы жүргізіп отырғанын, бизнесін не себепті тоқтатқанын және тағы басқа жайттарды білу маңызды», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Іскер әйелдер кеңесі басқарушы партиядан «Алғыс дүкенінің» бірлескен жобасы үшін, ғимарат қарастыруға көмектесуін сұрады. Облыстық партия ұйымының басшысы аталған мәселені шешуге көмектесетінін жеткізді.

Енді осы және өзге де ұсыныстарды Саяси кеңес мүшелері партияның парламенттік фракциясында баяндамақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер