«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыз шешімнің күші жойылды

2016 жылғы 17 Қараша
- Ақмола облысы
6135 просмотров

Кәсіпорынның жер телімін ұзақ мерзімді уақытқа жалға алу туралы өтінішіне бейқам қарағаны үшін, сот жергілікті атқарушы органның шешімін заңсыз деп таныды

Алдымен оқиғаның мән-жайына тоқталып өтсек. 2008 жылы Сандықтау ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы «Граск» ЖШС-на жалпы аумағы 1 500 гектарды құрайтын жер телімін бес жылға жалға береді.

2012 жылы кәсіпорын жер телімін жалға беру уақытын жиырма жылға созу туралы өтініш білдіріп, жергілікті атқарушы орган өтінішті мақұлдаған екен. Осылайша, аудан әкімдігі 2012 жылдың 16 шілдесінде №А-7/263 қаулы шығару арқылы 2008 жылдың 20 наурызындағы №А-3/33 қаулыға жерді пайдалану мерзімін ұзарту туралы өзгерту енгізген. 

Алайда, 2015 жылы ЖАО (жергілікті атқарушы орган) аталған қаулыны заңсыз деп таныған аудан прокуратурасының шешімін негізге ала отырып, өз шешімінен бас тартқан көрінеді.

Кәсіпорын сотқа шенеуніктердің әрекетсіздігі туралы шағым түсіргенімен, сотта жеңіліс табады. Жағдай компания өкілдері өңірлік палата көмегіне жүгіннен кейін ғана, оң шешім таба бастайды.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі сарапшылары істі аппеляцияға берген екен. Бұл ретте, сарапшылар сот шешімі процессуалды әрі материалдық құқық ережелерін бұза отырып қабылданған деген пікірді алға тартып отыр.

Дәлірек айтсақ, бірінші иснтанция соты ауыл шаруашылығы компаниясының шағымын қанағаттандырудан бас тарта отырып, жер комиссиясының оң шешімі көрсетілген қорытындыда сұралған жер телімін өтініш берушіге беру туралы әкімнің қаулысы бар деп көрсеткен. Десе де, Палата сарапшылары, аталған деректер бұл іске еш қатысы жоқ дейді.

«Заң талаптарына сәйкес, дәлірек айтсақ, Жер кодексінің 37, 43 баптары бойынша, жергілікті атқарушы орган кәсіпорынның 2012 жылғы өтініші негізінде, жер телімін уақытша пайдалану құқығын беру туралы жаңа қаулы шығаруы тиіс еді», – дейді ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко.

Яғни, Сандықтау ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 16 шілдесінде шыққан 2008 жылғы 20 наурыздағы қаулыға өзгертулер енгізу туралы шешімі заңсыз болған.

Сонымен қатар, «Граск» ЖШС-нің жер телімін жалға беру мерзімін ұзартуға қатысты өтінішті уақытында бергенін ескерген абзал. Бұл ретте, мемлекеттік орган ауылшаруашылық кәсіпорнына жерді мақсатсыз пайдалануға қатысты еш уәж айтпаған.

Нәтижесінде, істің мән-жайын зерделей келе Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты аудан әкімдігінің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, аталған заңбұзушылықтарды жою туралы шешім қабылдады.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер