«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық одақтың дәрі нарығындағы өзгерістер таныстырылады

2016 жылғы 02 Желтоқсан
10365 просмотров

5 желтоқсан күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ЕАЭО аясындағы медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектердің ортақ нарығына қатысты мәселелерді түсіндіруге арналған жиын өтеді

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО аумағында Медициналық бұйымдардың ортақ нарығы іске қосылып, экономикалық ықпалдасу жолында кезекті қадам жасалған еді.

Осы жылдың 16 қарашасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында еуразиялық «бестіктің» үкімет басшылары Дәрі-дәрмек бұйымдарының ортақ нарығын іске қосу бойынша даярланған Шешімдер пакетін мақұлдады.

Соған байланысты 2016 жылдың 5 желтоқсаны күні ҰКП алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пактің жетекшілігімен дөңгелек үстел өтеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының қызметкерлері кәсіпкерлерге Одақ аясындағы Медициналық бұйымдар және дәрі-дәрмек құралдарының ортақ нарықтық қызметі мен оған тіркелу рәсімін таныстырады, сондай-ақ ерекшеліктері мен жай-жапсарын түсіндіріп береді.

Отандық кәсіпкерлерге Ортақ нарықтағы «ойынның жаңа ережелері» таныстырылады, сол арқылы Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық нарығын Одақ шеңберінде жемісті әріптестік құруға дайындайды.

«Дөңгелек үстелде» таныстырылған барлық материалдар «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми интернет-ресурсы www.palata.kz сайтына жарияланады. Дегенмен, шараның өзіне қатысу отандық кәсіпкерлерге жан-жақты ақпаратты тікелей алуға мүмкіндік беретіні даусыз.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП фармацевтикалық немесе медициналық нарықтың субъектісі ретінде танылған отандық кәсіпкерлерді дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырады. Қатысушылар туралы мәліметті dei@palata.kz электронды мекен-жайына жіберуді сұраймыз немесе осы мәселе бойынша  8 (7172) 919-373 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ шараға видеоконференция тәртібінде қатысу үшін Палатаның өңірлік бөлімшелеріне баруға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер