«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Астана тұрғындарының 63% шағын және орта бизнес саласында еңбек етуде»

2017 жылғы 10 Ақпан
14101 просмотров

Елорданың мемлекеттік бюджетке түсірген үлесі 1 триллион теңгеден асты

Астана кәсіпкерлерінің конференциясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев 2017 жылға арналған негізгі жұмыс бағытын атап көрсетті.

«2017 жылы өңірлердегі бизнес-қоғамдастықты дамытуға ден қоюымыз керек.  Бұл жұмысты Астанадан бастап отырмыз. Астана тұрғындарының 63% шағын және орта бизнес саласында еңбек етіп, 1 триллионнан астам сомада бюджетке түсім жасады. Елорданың бас жоспарында да бизнес мүддесі қарастырылған. Айталық, индустриалдық аймақ жұмыс көрсеткіші жоғары, ауданның 90% игерілген. Жақсы нәтижелер бизнес пен әкімдік арасындағы дұрыс қойылған байланыстың көрінісі. Сондықтан өзге өңірлер де осы бағытта жұмыс істеуі керек», - деді Тимур Құлыбаев.

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаев бизнес-қоғамдастықтың  Астана әкімдігімен бірге «1000 сауда орны» жобасының жүзеге асырылғанын, кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Өткен жылы бизнесті дамыту бағытында  жоспарланған 27 іс-шараның  25-і жүзеге асырылған.

«Мемлекет басшысы Жолдауда бизнестің құқығы мен мүддесін қорғауға назар аударды. Кәсіпкерлер палатасы осы міндетті жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді. Бас прокуратурамен, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша қызметін жалғастыра бермек. Сондай-ақ заңнамаларды жетілдірумен айналысатын боламыз. Салық салушылар тарапынан бизнес-қоғамдастыққа қысым келтірілетіні белгілі. Салық кодексін кәсіпкерлерге түсінікті, ыңғайлы етуге өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін комиссия құрылды. Барша бизнес өкілдерін салық кодексіне қатысты ұсыныстарын Кәсіпкерлер палатасына жолдауға шақырамын», ­– деп жұмыс жоспарларын нақты атап өтті.

Кәсіпкерлер палатасының жұмыс жоспарында мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесін бақылау, отандық тауар өндірушілерді қолдау, отандық өнімдерін ұзақмерзімді келісімшарттар арқылы қамтамасыз ету мәселелері маңызды. Сонымен қатар жекешелендіру мәселесі де 2017 жылғы жоспардағы айрықша мәнге ие жұмыстың бірі.

«Бүгінге дейін бизнеске ұтымды  емес активтер шығарылған. Коммуналдық мекемелердің бизнеске қажеттілері әкімдік балансынын шығарылуы керек.  Мемлекеттің үлесінде қалуға тиісті 15% нысандарды анықтауымыз керек. Әсіресе, медицина саласындағы мекемелер бәсекеге қабілетті ортаға берілуі керек. Жалпы осы салада бірлесе нәтижелі жұмыс жасаймыз», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Сонымен қатар, бизнес пен биліктің арасында диалог жақсы орнатылғанын, және де осы механизмді дұрыс пайдалануға шақырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер