Атыраулық жобаларды Польша қаржыландыруы мүмкін
Польшаның ірі құрылыс компаниялары Атырау облысында жүзеге асырылатын жобаларға инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр
Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлер палатасынада өткен басқосуда поляк делегациясы өкілдері айтты. Шараға өңірдің құрылыс компаниялары қатысты. Польша құрылыс экспортерлері кластері басқармасының вице-президенті Анджей Козловски айтуынша олар Атырау облысы ғана емес, жалпы Қазақстан жеріне бірінші рет келіп отыр.
Екі ел арасындағы бұл кездесулер өткен жылы ҚР Президентінің Польшаға ресми сапарынан кейін бастау алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польшаға барған сапарында жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, оларға қазақстандық нарықтың мүмкіндіктері туралы айтып, ынтымақтастыққа шақырған.
«Біздің сапарды Қазақстанмен танысу деп қабылдаған жөн. Бізге қазақстандық нарық, оның мүкіндіктері мен әлеуеті туралы толық ақпарат қажет. Өз кезегімізде біз тәжірибеміз бен жетістіктерімзбен бөлісуге әрі Қазасқтанда әріптестерді табуға дайынбыз. Делегация құрамында құрылыс саласында түрлі қызмет көрсетуді ұсынатын компаниялар ғана емес, сондай-ақ, қаржы институттарының өкілдері бар. Олар қазақстандық тараптан қаржы бойынша белгілі бір сұрақ туындаса жауап беруге дайын», – деді Анджей Козловски.
Кездесу барысында поляк делегациясы мен қазақстандық құрылыс компаниялары өздерінің құрылыс жобаларын таныстырып, келешекте мүкін болар ынтымақтастық туралы пікірлерімен бөлісті. Келіссөздер нәтижесінде поляктардың «Atyrau steel plant» ЖШС-мен В2В форматындағы кездесуі ұйымдастырылды.
Поляк делегациясын сонымен қатар облыс басшылығы, ірі мұнай өндіретін компаниялар және өңірдің бизнес-қоғамдастығымен де кездесті.
Айта кетелік, 2016 жылы Атырау облысының Польша Республикасымен жасалған сыртқы өнімі 118,4 млн АҚШ долларын құраған, демек, екі тараптың ынтымақтастығы арқылы бұл көрсеткіш арта түседі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: