«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Судьялар одағы Атырау облысының кәсіпкерлеріне кеңес береді

2017 жылғы 21 Сәуір
- Атырау облысы
7489 просмотров

«Дауды сотқа жеткізбестен шешу»: бизнес субъектілеріне Кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Судьялар одағының Атырау облысы бойынша филиалы көмектесуге дайын

Екі тарап тиісті меморандумға қол қойды, мұндағы басты мақсат – облыста сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын енгізуді және жан-жақты дамытуға бірігіп жұмыс істеу.

 

ҚР Судьялар одағының Атырау облысы бойынша филиалының төрайымы Айгүл Тәшенованың айтуынша, меморандум аясында бизнес суъбектілеріне дауды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттары жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіледі.

«Татуластыру процедураларын қолданудың артықшылықтарын түсіндіру үшін мобильді топтар құрылады. Медиация кабинеттерінде құқықты пайдаланушыларды түсіндіруге бағытталған түрлі кездесу, семинар, дөңгелек үстел мен өзге де іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарында дауды шешудің балама түрлері және басқа да мәселелерге қатысты материалдарды жариялау көзделіп отыр», – деп түсіндірді Айгүл Тәшенова.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев меморандум кәсіпкерлердің көптеген мәселелер сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Көптеген шет мемлекеттерде дауды сотқа дейін шешудің баламасы ретінде медиация процедурасын қолданады. Бұл институт біздің елімізге енгізіліп жатыр. Мұның пайдасы зор деп ойлаймын. Себебі, соттық тергеуде кәсіпкер уақыты мен қаржысын шығындап қана қоймай, психологиялық тұрғыда стресс алады. Одан кейін сот шешімі қалай болатыны да белгісіз. Сондықтан кәсіпкерлер даулы мәселе орын алғанда бізге жүгінеді. Істі сотқа жеткізбей шешуге тырысамыз», – деп түсіндірді Палата басшысы.

Атырау облсы кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғауға қатысты жабаша түрде 198 өтінім түскен, оның 86-сы кәсіпкерлер пайдасына шешілді. Кәсіпкерлердің 1,4 млрд теңгеден астам сомада қаржылай шығыны алдын алуға қол жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер