Атырау кәсіпкерлері статистикалық есеп өткізу мерзімін кешіктіргендері үшін 8 млн теңге айыппұл төлейді
Жыл басынан бері кәсіпкерлерге қатысты шамамен 170 әкімшілік материал қаралған
Атырау облысында кәсіпкерлерге ағымдағы жылдың 4 айында 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Статистикалық есеп өткізу мерзімін бұзғандары басты себеп болды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырған семинарда Атырау облысы Статистика департаментінің басшысы Нұржан Құмарғалиев хабарлады.
Нұржан Құмарғалиевтің айтуынша, жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шамамен 170 әкімшілік материал қаралған. Бизнес субъектілерінің өздері орындаушының кінәсінен немесе қажеттілік туралы, өткізу мерзімі жайлы хабарсыздықтан деп түсіндіріп отыр. Семинар орын алған олқылықтардың алдын алу үшін ұйымдастырылған.
«Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлік субъектілеріне статистикалық есеп пен бастапқы статистикалық мәліметтерді өткізу тәртібі туралы түсіндіруді мақсат тұтып отырмыз. Онлайн-есеп өткізу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет ресурсында www.stat.gov.kz ақпараттық жүйе іске қосылған. Кәсіпкерлер электронды цифрлық қолтаңба арқылы жұмыс орнында отырып-ақ, есеп өткізе алады. Сонымен қатар, Атырау облысы Статистика департаментінде «бір терезе» формасында терминал жұмыс істейді, ол арқылы респонденттер біздің мамандарымыз арқылы онлайн-режимде есеп беру мүмкіндігіне ие», – деп атап өтті мемлекеттік органның өкілі.
Статистика депаратментінің мамандары қатысушыларға ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сәйкес, бастапқы статистикалық мәліметтер мен статистикалық есепті нақты бекітілген мерзімде өткізуге міндетті екендіктерін түсіндірді.
Егер орындамаған жағдайда, респонденттер жауапқа тартылады. Оның ішінде, нақты ақпаратты бұрмалап жеткізсе, құзыретті орган ескерту берумен шектеледі, ал егер бекітілген мерзімде берілмесе, онда әкімшілік айыппұл салынады.
Айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 10 айлық есептік көрсеткіш болса, шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 14 АЕК.
Аталған олқылытар орын алған жағдайда орта кәсіпкерлік субектісі 20 АЕК көлемінде айып төлеуге міндетті, ал ірі бизнес субъектісі – 120 АЕК.
Статистикалық мәліметті беру кестесімен Статистика комитетінің сайтында немесе жергілікті статистика департаменіндегі «бір терезе» қызметінің ақпараттық стендтері арқылы білуге болады. Жалпы облыста респонденттер үшін 14 семинар өткізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: