«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

25 қазан ЕЭҚ елдерінің Еуразия үкіметаралық кеңес отырысы Ереванда өтеді

2017 жылғы 25 Қазан
6512 просмотров

Бүгін Ереван қаласында (Армения Республикасы) ЕЭҚ елдерінің Премьер-Министрлер қатысуымен үкіметаралық кеңес отырысы өтеді.

Отырыс барысында қауымдастықдың экономикалық интеграция болашағы мен отандық бизнестің маңызына байланысты өзекті мәселелер қарастырылып, тақылану жоспарда.

Жиынның күн тәртібіне «ЕЭҚ 2018-2019 жылдар аралығындағы ішкі нарықты шектеу мен тартып алуларды жою бойынша шаралар жоспары (Жол картасы бойынша)» мәселесі қосылып, тиімді жұмыс жүргізу мақсатында Қазақстан бизнесінің барлық кедергілерін толыққанды игеру мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП белсенділік таныту шешімі қабылданған болатын.

Жол картасы жобасы бойынша жасалған жұмыс нәтижесі Қазақстан тарапынан 4 кедергі қосылды: ЕЭҚ алкогольді өнім нарығына қол жеткізу, қауымның кеден территориясында тауардың транзитін қамтамасыз ету мен жүктердің орын ауыстыру кезінде өткізу пунктерін анықтау, мүше мемлекеттер жанама салықтардың төленгені туралы ақпарат алмасу тетігін жетілдіру.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 20 қазанында №1285 РФ басқарма төрағасы Д. Медведев Ресейдің үкімет Қаулысы бойынша «порттардағы табиғи монополия қызметі кемсітусіз жол жету ережелерін бекітуде» қазақстандық бизнестің ұсыныстары ескеріліп, Ұлттық палата тарапынан бірқатар рет айтылды. Ереванда өткен жиын барысында ресейлік теңіз порты қауымдастыққа мүше елдерге жүк жеткізуші елдерге кедергісіз тасымалды жүзеге асыру мәселесіне байланысты болашақ іс-әрекеттер жоспары талқыланады.

Мүше елдер Премьер-Министрлерімен кеме қатынасының Келісімі бойынша тараптардың ішкі су жолдары арқылы транзиттік тасымал шарттары мен тәртібі, жүк және жолаушы тасымалы жобасын бекіту мүмкіндігі қарастырылады.

Күн тәртібіне еңген тағы бір мәселе: ЕЭҚ сәйкестендіру құралдарын тауарларды таңбалау Келісім жобасын талқылау қарастырылып, осы сала бойынша қауымдастыққа мүше елдердің Үкімет басшыларына аралық жұмыс нәтижелерімен таныстыру.

ЕЭҚ мүше елдер Премьер-Министрлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде еуразиялық интеграцияның жетістіктерін орнықтыра отырып, Еуразия аймағындағы мүше мемлекеттердің екіжақты дамуына бағытталған жұмыс бойынша жақындасу процессіне серпін беру болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер