«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ресейдің ірі екі қауымдастығы Ұлттық палатамен бірлесіп кедергілерге қарсы күресуге дайын

2017 жылғы 02 Қараша
3488 просмотров

Мәскеуде өткен Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі ұйымдастырған конференцияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Мәскеуде «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті» атты конференция өтті. Іс-шараға Ресей Федерациясының озық қауымдастықтары, Қазақстан қонақүйлері мен шипажайлары, әуе компаниялары, туристік операторлардың өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Ресей бизнесінің өкілдері қазақстандық әріптестермен байланысты арттыруға қызығушылық танытып отырғанын ерекше атап өткен жөн. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Астана ТМД-дағы Ресей азаматтары келген танымал қалалардың ішінде екінші орын алды. Сарапшылардың айтуынша бұл Астанада өткізілген «Экспо-2017» халықаралық көрмесімен байланысты.

Ресейдегі ірі екі қауымдастық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытатындықтарын білдірді. Олар бизнес жүргізудегі кедергілерді азайту, мәселелерді шешу мен екі елдің туризм саласында бизнеспен айналысуға оңтайлы жағдай жасауға атсалысуға ниетті.

Анықтама ретінде.

- Ресей туристік операторларының қауымдастығы – салалық коммерциялық емес бірлестік, туристік операторлар қоғамдастығының мүддесін қорғайды.

Қазіргі таңда Ресей туристік операторларының қауымдастығына Ресейлік әр өңірінен ірі туристік оператор-компаниялар кіреді. Жалпы бұл қауымдастық Ресейден шығатын лектің 80% қамтамасыз етеді, сырттан келетін туристердің 70% және ішкі туристік ағымның 60% қамтиды. Ресей туристік операторларының қауымдастығы өз қатысушыларының мүдделерін қорғап, оларға құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетеді. 2009 жылдан бері Ресей туристік операторларының қауымдастығы Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) қауымдастырылған мүшесі.

- Ресей өңірлерінің туристік қауымдастығы – 2017 жылдың 1 наурызында Ресей Федерациясы субъектілері мен РФ Федерация Кеңесінің қатысуымен құрылған. Бірлестіктің бақылаушы кеңесі – Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Г.Н.Королев. Ресейдің 15 өңірінде өкілдігі ашылған, өңірлердің әкімдіктері тек құрылтайшысы болып табылады.

Іс-шараның модераторы Мәскеу сауда-өнеркәсіп палатасының Туризм және қонақ үй бизнесі жөніндегі комитетінің төрағасы Сергей Абрамов болды.

Конференцияда Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің елші-кеңесшісі Болат Иманбаев сөз сөйледі. Сондай-ақ Қазақстан тарапынан спикер ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП Қызмет көрсету саласы департаменті директорының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Тоқтарбаев қатысты.

Ол Қазақстан туризмінің маңызды үдерістері мен 2018 жылы туристік саланы дамыту аясындағы жоспарланған іс-шараларға тоқталып, Ұлттық палатаның осы саладағы мәселелерді шешудегі қызметі мен туризм бизнесін дамыту үшін жасалынатын оңтайлы жағдайлар жайында баяндады.

Іс-шараның қорытынды бөлімі В2В форматында жалғасты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер