«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Украинадан тауар шығару 2018 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды

2018 жылғы 05 Қаңтар
6758 просмотров

Ресей Федерациясының ресми құқықтық порталында РФ Президентінің Украинадан Ресей арқылы Қазақстанға транзиттік тасымалды жүзеге асыруға қатысты Жарлығы жарияланды

Енгізілген өзгертулерге сәйкес, Жарлықта бекітілген транзиттік шектеулер 2018 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды.

Еске салсақ, аталған Жарлыққа сәйкес «санкциялық» өнімдердің тізіміне енгізілген, сондай-ақ кеден бажы нөлден жоғары болатын барлық тауарларды тасымалдауға тыйым салынған еді. Осылайша Ресей аумағы арқылы транзитпен тек ЕАЭО Бірыңғай кеден тарифінде кеден бажы нөлдік мөлшерлеме қолданылатын тауарлар өткізіледі.

Кез келген көлік түрімен Украинадан Ресей арқылы Қазақстанға жүк тасымалдаудың халықаралық транзиті тек Беларусь Республикасының аумағы арқылы жүзеге асырылады.

Жеткізуге рұқсат етілген тауарларға қатысты бұл уақытқа дейін ЕАЭО сыртқы шекарасындағы беларусьтық аймақ арқылы қолданылған тәртіп сақталады, міндетті түрде пломбалау, оның ішінде ГЛОНАСС жүйесі негізінде қызмет атқаратын, сондай-ақ автокөлік арқылы тасымалдайтын көлік құралдарының жүргізушілерде есептік талон болу ережесі қолданылады.

Пломба салу (алу) Ресей аумағына кіргенде (шыққанда) стационарлық немесе жылжымалы бақылау бекеттері мен темір жол бекеттерінде орналасқан бақылау орындарында жүргізіледі.

Автокөлікпен тасымалдағанда Ресей Федерациясының аумағына кіргенде Беларусь Республикасынан стационарлық немесе жылжымалы бақылау бекеттерінен есептік талон алу керек және Ресей Федерациясының аумағынан шығарда сол талондарды стационарлық немесе жылжымалы бақылау бекеттеріне өткізу қажет. Автокөлік құралдарының жүргізушілері пломба қою (алу) және оны қолдану, оның ішінде ГЛОНАСС технологиясы негізінде қызмет атқаратын осы талапты бұзған жағдайда есептік талондар жарамсыз деп танылады.

Стационарлық және жылжымалы бақылау бекеті мен темір жол бекеттерінде орналастырылған бақылау орындары:

Ресей–Беларусь мемлекеттік шекара аумағында орналасқан бақылау бекеттері:

  •  «Красное» стационарлық бақылау бекеті (456 км автокөлік жолы М-1 «Беларусь»);
  • Смоленск-Сортировочный темір жол бекетінде орналасқан бақылау орны.

Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасында Ресей–Қазқастан аумағында орналасқан өткізу бекеттері:

  • Жылжымалы бақылау бекеті (132 км автокөлік жолы А-310);
  • Жылжымалы бақылау бекеті (180 км автокөлік жолы А-300).

Озинки темір жол бекетінде орналасқан бақылау бекеті

РФ Президендінің №1 Жарлығы

РФ Президентінің №319 Жарлығы

РФ Президентінің №643 Жарлығы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер