«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕАЭО аясында құрылыстағы техникалық реттеу мәселелеріне қатысты консенсус орын алуы мүмкін бе?

2018 жылғы 15 Қаңтар
5051 просмотров

ЕАЭО мүше-мемлекеттер 7 жыл бойы РФ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі дайындаған ЕАЭО-ның «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы бірыңғай техникалық тәртібінің жобасын талқылап келеді

Техникалық регламентті дайындау мүше-мемлекеттердің жылжымайтын мүлік нысандарын реттеу механизміне қатысты келіспеушілігі салдарынан қиындады.

Өткен жылдары барлығына да ыңғайлы шешім табуға бірнеше талпыныс жасалды. Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы ғимараттар мен құрылыстарға бірыңғай міндетті талап қою туралы идеяны қолдамады, себебі олар Одақ аясында өзара сауданы негізгі мәні емес және мемлекеттік шекараны қиып өтпейді.

Дегенімен, серіктестер арасындағы ымырасыз келіспеушіліктен Қазақстан тарапы ғимараттар мен құрылыстарға техникалық регламент дайындауға келісім берді, оларды бөлек жобаға бөлді. Мұндай шешім құрылыс материалдары мен бұйымдарына техникалық регламентті қабылдауды жеделдетер еді, олардың талабы жалпы келісілген.

Экономиканы жақындастыру жұмысы өзара сыйластық қағидатын сақтауды және барлық мүдделі тараптардың пікірін ескеруді ойластырады.

Сондықтан Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы Ұлттық палата атынан ымыралы шешімді бірнеше рет бастады, осылайша ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қажетті барынша аз талаптар бекіту шартында, одан Одақтың міндетті құрылыс нормалары туралы түсінік пен ережені алып тастағанда ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды техникалық регламенттің бір жобасына біріктіру мүмкіндігі туралы ұстанымы жасалды.

Алайда Қазақстанның ұсынысын да Одан бойынша серіктестер қолдамады, жобаны дайындаушы құрылысты «Одақтың міндетті құрылыс нормаларын» енгізу жолымен ұлтаралық реттеуді ұсынуды жалғастырып отыр.

Көптеген сәтсіз талпыныстан кейін барлық ел үшін тиімді шешімді қабылдауға Ұлттық палата жанындағы Құрылыс комитетінің отырысында (2017 жылы 1 қарашасында өткен) дайындаушы ұсынған «Одақтың міндетті құрылыс нормаларын» «Одақтың үлгілік құрылыс нормаларына» ауыстыру туралы ұсыныс дайындалды, бұл барлық тараптың бәтуаластығы негізінде қабылданады және әр мемлекет өз аумағында көрсетілген құжаттарды енгізу, бас тарту және бейімдеуге жеке шешім қабылдау құқығына ие болады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Тимур Ермекбаев Қазақстан бизнес-қоғамдастығының ымыралы ұсынысы түрлі алаңда талқыланып, оны Еуразиялық экономикалық комиссиясы да, жоба дайындаушысы да қолдағанын айтты.

Алайда, 2017 жылдың 23 қарашасында өткізілген техникалық регламентті дайындау жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша ресейлік БАҚ-та Қазақстан міндетті құрылыс нормаларын енгізуге келісті деген ақпарат тараған.

Мұндай жағдай үнемі орын алады, техникалық регламент жобасын әр талқылаудың нәтижесінде Қазақстан тарапанының ұстанымы (оның ішінде бизнес-қоғамдастықтың да) танымастай етіп өзгертіледі немесе жоба дайындаушы мен Комиссия мүлде елемейді.

«Атамекен» тікелей әрекеті бар Одақтың міндетті құрылыс нормасын енгізуді қолдамайды, себебі, олар Одақты құру мақсатын жүзеге асыруға ықпал етпейді және ЕАЭО мүше-мемлекеттердің өз аумағында климаттық, мәдени және басқа да ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылысты тәуелсіз реттеудегі егеменді құқығын бұзады», - деді Тимур Ермекбаев.

Бұл ұстанымның өзгермейтінін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен «Атамекен» ҚР ҰКП бірнеше рет растады. Сондықтан Ұлттық палата ЕАЭО бойынша серіктестерді сындарлы диалогқа шақырады және Еуразиялық экономикалық комиссияны мүдделі тараптардың объективті де анқты пікірін ескеру үшін қажетті шаралармен қамтамасыз етуді сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер