Оралда іскер әйелдердің алғашқы форумы өтеді
Бұл туралы БҚО Іскер әйелдер кеңесінде хабарланды
Былтырғы жылға қорытынды жасап, биылға жоспар құрып іскер әйелдер жуық арада орындалатын алғашқы меже ретінде «БҚО Іскер әйелдерінің 1 форумын» өткізуді көздеді. Болжам бойынша аталған форум 31 наурыз күні Қазақ драма театрында өткізілмек.
Бүгінгі жиында Кеңес маңызды форумның спикерлерін және қатысушыларын бекітті. Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанованың айтуынша форум Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарамасының «Жомарт жүрек» және «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағыттары аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл бастама Батыс Қазақстан облысы әйелдеріне оқу, біліктілік арттыру және тәжірибе алмасудық бірегей алаңына айналмақ. Сонымен қатар форум Қазақстанның іскер әйелдер арасынан инвесторларды тарту, серіктестер құру үшін мүмкіндік береді.
«Жоба мақсаты – әйелдерге өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көмектесу және бастауыш кәсіпкер келіншектерді қолдау. Біздің міндет – кәсіпкерлікке барынша көбірек қыз-келіншектерді тарту, Оларға Қазақстанның табысты әйелдердің үлгісі негізінде кейстермен таныстыру. Іскер әйелдер форумы – бұл әйелдердің кәсіпкерлік жобаларын алға жылжыту, қолдау және қолдауға арналған интерактивті орта болып табылады», – деді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Татьяна Волкова.
Форум аясында өңір кәсіпкер келіншектерінің, қолөнершілердің тауар, қызмет түрлеріне арналған жәрмеңке өткізіледі деп күтілуде. Өз аймағы дамуына өлшеусіз үлес қосқан әскер арулар арнайы сыйлық алып, марапатталмақ. Бұған қоса, осы күні кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған қолданыстағы құралдарға арналған презентация, шеберлік сабақтар өкізілмек.
Бұл жиында іскер әйелдер алда болатын форумды ғана емес, сондай-ақ, бір жылға жұмыс атқарылатын жұмыс жоспарын талқылады.
«Біз өзімізге өзіміз сауал қойдық: неге осындай іскер біздер бір топқа біріктік? Иа, біз тәжірибемізбен қуана бөлісіп, өтінім бергендерег кеңес беруге дайынбыз. Алайда Кеңестің басты міндеті қандай? Неге біз жұмыстарымздың бәрін тастап, аптасына бір рет осы алаңда жиналамыз? Бізді не итермелейді? Нені көздеп отырмыз? Біз осы сауалдарға жауап беріп, нақты мақатымызды анықтадық. Біз бір бірімзге көмектесіп, біріктік, енді 2108 жылдың аяғына дейін басты миссиямызды орындамақпыз – бірімізді біріміз күшейтуіміз керек! Әрқайсымыздың компаниямызда жылдық табыс 30%-ға жету керек. Бұл үшін қолымызда барлық мүмкіндіктер бар, әрқайсымыз өз кәсібімізде білікті де мықтымыз. Сондықтан бізге бірігу маңызды, білгенімізбен бөлісіп, ортамызға өзгелерді де тартпақпыз. Өзгелер бізге тартылған кезде, біздің айтарымыз, бөлісеріміз болады. Арамыздағы әркім мықты жақтарымызды танып, басқа қыз-келіншектерге қалай көмектесу керек екенін анық білетін болады», – деді БҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «АвтоМаг» компаниясының жетекшісі Фирия Галиева.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: