«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар кәсіпкерлерігі «Архимед тетігі» жобасы туралы ақпарат алды

2018 жылғы 09 Ақпан
- Павлодар облысы
6490 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы жас кәсіпкерлермен кездесті.

Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке көп мән берілетіні белгілі. Кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Мұрат Қабылбековтың айтуынша, мұның объективті факторлары бар.

«Ең алдымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ­– мемлекет пен бизнестің өзара тиімді серіктестігі. Бұл механизмді дамыту бизнесмендерге тұрақты әрі ұзақ мерзімді жобаларды ұсынады. Осылайша кәсіпкерлердің мүмкіндігі артады. Бұ жүйе әлем елдерінде қолданылады», – деді Мұрат Қабылбеков.

Мемлекет пен бизнестің әріптестігі барлық тәуекел, шығынды теңдестірілген бөлу негізінде жүзеге асырылады, сондай-ақ кәсіпкерлерде мемлекет ұсынған жобаны ғана жүзеге асыру ғана емес, мұнымен қоса олар өз бизнес-үлгілерімен қатысу мүмкіндігі бар.

Кездесу барысында Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының өкілдері жас кәсіпкерлерге мемлекет серіктес болу мүмкіндігінің үлгілері мен оның алдағы даму механизмдері жайлы түсіндірді.

«Архимед тетігі» шатырлы жобасының базасында мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жаңа бизнес-үлгісін таныстырдық. Оның ішінде «Business hub» бірегей жобасы да бар. Бұл «ақылды» қала немесе тұтастай ауданды дамыту әдістемесі. «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 5 хаб-қала анықталды», – деп атап өтті «Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Талғат Балқияев.

Талғат Балқияевтың айтуынша, хаб-қалалар – өңірлік іс-қимыл орталықтары: сауда-логистика және көлік, өаржы және маман орталығы, ақпарат пен технология жеткізушілері. Өзге қалалар хаб-қаламен «сәуле» қағидасы бойынша байланысады.

Шатырлы жобаның негізгі міндеті – инвестицияға тартымды орталыққа айналуы тиіс нақты бір өңірдің жаңаша дамуына сапалы серпін беру. Бұл жобаны енгізу мемлекет пен бизнестің өзара әрекетінің жаңа үлгісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ақпаратты иеленуші әлемді билейді». Сондықтан біздің міндеміз кәсіпкерлерге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы ақпаратты жеткізу. Осылайша, ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен бизнес-қоғамдастық арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнатуға көмектесеміз. Бұл екі тарапқа да тиімді», – деп тұжырымдады Мұрат Қабылбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер