«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атыраулық кәсіпкерлер қор биржасына шыға алады

2018 жылғы 13 Сәуір
- Атырау облысы
6148 просмотров

Атыраулық бизнесмендерге отандық компаниялардың Қазақстанның қор биржасына шығу басымдықтары жайында ӨКП алаңында айтылды.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарушы директоры Аслан Қалиғазиннің айтуынша олардың Атырауға келген мақсаты – биржа қызметі жайында хабарлау, өңірдегі компаниялар Қазақстан қор биржасына қатысып, қаржы көздерін тартып, өздерінің бағалы қағаздарын шығара алатындары жайында айту.

 «Өңірлерді аралау жұмысы отандық кәсіпкерлердің Қазақстан қор биржасының әлеуеті мен мүкіндіктері жайында хабарсыз екенін көрсетті. Бізде өте ыңғайлы құралдар бар, мәселен, екінші деңгейлі банктермен пайыз ставкалары бойынша дауласа аламыз. Екіншіден, кепілсіз қаржыландыруды тарта аламыз. Яғни, бүкіл әлемде сәтті қолданып жатқан барлық құралдар біздің кәсіпкерлерге таңсық. Ақпарат аз. Сондықтан біз бұл олқылықтың орнын толтырмақпыз. Біздің команда барлық ақпаратты айтуға, кеңес беруге, нақты фактілер бойынша түсіндіруге дайын. Отандық бизнес Қазақстанның қор биржасында сәтті жұмыс істей алады», – деді Аслан Қалиғазин.

 Қор биржасының өкілі былтыр ҰКП мен KASE арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумының маңыздылығын атап өтті.

 «Бүгінде ҰКП филиалдары әр өңірде, тіпті аудандарда да бар. Кез келген кәсіпкер бірінші кезекте Палатаға барады. Осы жерден қор биржасы жайында ақпарат алуға болады. Ары қарай қызығушылық байқалса, кәсіпкер бізге тікелей шыға алады», – деді Аслан Қалиғазин.

Іс-шара барысында Қазақстан қор биржасы жайында таныстырылым жасалды. Кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды. Айта кетелік, былтыр Қазақстанның қор биржасында (KASE) 150 трлн теңгені құрайтын 300 мыңнан астам мәміле жасалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер