«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жыл басынан отандық сауда ортылықтарына 851 тексеру жүргізілді

2018 жылғы 23 Сәуір
3065 просмотров

2018 жылы барлығы 972 тексеру тағайындалып, 851 тексеру аяқталды

 Бұл туралы 23 сәуір күні ҚР Ішкі істер министрлігінің сауда және ойын-сауық орталықтарында жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы брифингі барысында мәлім болды.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша биыл барлығы 972 тексеру жоспарланып, 851 тексеру жүзеге асты. Ережелерді бұзған орталықтарға жалпы сомасы 16 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

 «Кейбір орталықтарда эвакуация жолдарына қатысты бұзушылықтар анықталды, яғни, қосымша шығу жолдары жабық болған. Сонымен қатар электр жабдықтың дұрыс монтаждалмауы, электр желілеріне  оқшаулау кедергісі бойынша тексеру жүргізілмегені анықталған», – деді Ішкі істер вице-министрі Орий Ильин.

 Тексерілген нысандардың 11-де ғана ережелер бұзылмаған. Бұлар Алматы облысындағы «Искорка», «Астана», «Альтаир» сауда орталықтары, Жамбыл облысындағы «Хан» базары, Шахтинскідегі екі базар, Жезқазғандағы «Кислород» ойын-сауық орталығы, Қостанай облысындағы «Изуми» сауда үйі, Оңтүстік Қазақстан облысында «Тау Жұлдызы» базары, «Фиркан» сауда орталығы.

 Былтыр 333 сауда орталығы тексеруден өтпеген болатын. Оған тексерулер туралы тәуелсіз аудиторлық компаниялардың есептері, қайта құрылған және жаңадан құрылған кәсіпорындар себеп болған. Бүгін ҚР ІІМ «Атамекенмен» бірлесіп, Жол картасы аясында заңнамаға өзгертулер енгізуді талқылап жатыр.

Брифингте сауда орталықтарын тексеріп, бірақ орын алған бұзушылықтарды жасырған немесе сол бұзушылықтарды толық алып тастамаған мемлекеттік орган қызметкерлеріне қатысты жазалау мәселесі көтерілді. Юрий Ильиннің айтуынша бұл әрекеттерге құқықтық бағалау беріледі, тіпті қылмыстық жаза да қолданылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Ербол Өстеміров Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төтенше жағдайлар комитетімен тығыз байланыс орнатқаны жайында айтып, бірлесіп Жол картасы жасалғанын, онда кәсіпкерлерге қарсы қатаң шаралар қарастырылғанын хабарлады.

Сонымен қатар Ербол Өстеміров өрт мәселесін тек мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы шешу мүмкін емес екенін атап өтті.

 

 «Атамекенде» бақылау жүйесін қайта форматтау бойынша нақты ұсыныстар бар. Біз Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамын күшейту арқылы қоғамдық бақылауды күшейтуді ұсынамыз. Сондай-ақ, өрт аудит саласында да мәселелер бар. Бүгінде осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ербол Өстеміров.

 Спикердің айтуынша сауда орталықтарын тексеруде «Атамекен» де атсалысқан. Мемлекеттік органдар мамандарымен бірге тексерулерде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысып жатыр. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманың нормаларын кәсіпкерлерге түсіндіріп, бақылаудың балама нысандарын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер