«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Мамандарды дайындаудың дұрыс бағдарын бірге қалыптастыру керек»

2018 жылғы 18 Мамыр
- Ақтөбе облысы
12123 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақтөбе облысы Өңірлік кеңесінің отырысында айтты.

Жиында көтерілген маңызды тақырыптың бірі жаңа мамандарды кәсіптік-техникалық бағытта дайындау мәселесі болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы сұранысқа ие мамандарды дайындау және оған бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану қажеттілігіне назар аударып, Ақтөбе облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасына аймақтағы сұранысқа ие кәсіби мамандар талдауын дайындауды тапсырды. Мәселен, былтыр Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпорындар жанынан  жұмысшы мамандарын дайындауға (тас қалаушы, ағаш ұстасы, дәнекерші және т.б.) арналған қысқа мерзімді оқыту қолға алынған болатын.

 «Бүгінде мамандарды колледж қабырғасында 3 жыл бойы оқыту экономикалық тұрғыда тиімді емес. Осы 3 жылдың 1,5 жылы мектеп бағдарламасы. Былтыр кәсіпорындар жанындағы 189 оқу орталығы шамамен 8 мың адамды оқытты. Мамандарды дайындау мерзіміне назар аударатын боламыз, өйткені көпшілік тезірек ақша тауып, өздерін асырап, қызмет көрсетуі керек. Мамандарды дайындаудың дұрыс бағдарын бірге қалыптастыру керек», – деді Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы шағын және орта бизнестің 30%-дан асатын жақсы көрсеткіштерін атап өтті, себебі бұл аймақ индустриялық өңірге жатады. Ірі кәсіпорындар, мұнай, тау-кен компаниялары орналасқан өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін ары қарай да арттырудың әлеуеті жоғары.

«Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік сектор мен ұлттық холдингтар үшін отандық тауар өндірушілердің тізімін дайындаудамыз. Жақын арада «Самұрық-Қазына» ұлттық-әл-ауқат қорымен Жол картасына қол қою жоспарланған. Олар өздерінің сатып алуларынан ірі тауар көрсеткіштерін бөледі. Осы тізімге өндірістік аумағы, еңбек ұжымы мен тиісті біліктілігі бар жергілікті кәсіпорындар ену үшін әкімдік дирекциясы жақсылап кірісуі керек. Осы кәсіпорындардың базасында басқа да салаларды дамытуға, модернизациялауға, сервиске шағын бизнесті тартуға болады. Бос жерде басынан бастағанша, өңірде барды қолданған дұрыс. Бұл қуатты индустриялық өңір. Осындай ірі бағдарламаға белсенді түрде қатыса аласыздар деп ойлаймын», – деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер