«Бастау» жобасына Атырау қаласының да тұрғындары қатысады
Облыс орталығында «Бастау» жобасының бірінші легіне тестілеу басталды, оған 50 адам қатысты
«Бастау» әуел баста ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың экономикалық белсенділігін кәсіпкерлікпен айналысуға бейімдеу арқылы арттыруға арналған. Биыл жоба ауқымы кеңейді.
Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы бөлім басшысы Жанаргүл Жоламанованың айтуынша былтыр «Бастауға» облыстағы 4 ауданның тұрғындары қатысса, биыл 7 ауданда және Атырау қаласында жүзеге асырылып отыр.
«2017 жылы Атырау облысында «Бастау» бойынша 750 адам білім алды. Олардың ішінде 130 тұрғын жеке бизнесін ашқан, атап айтқанда 77 білім алушы жалпы сомасы 271,5 млн теңгеге қаржы алды, қалғандары жеке қаражаттын пайдаланған. Бизнес-жобалардың үлкен бөлігі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласына тиесілі. Сонымен қатар, көлік, азық-түлік шығару және басқа да салаларды қамтиды. Жаңа бизнес-жобалар арқылы 120 жұмыс орны ашылғанын атап өту керек», - деді Жанаргүл Жоламанова.
Тестілеу кезеңі аяқталған соң 50 балдан жоғары жинағандар жеке бизнесін ашуға және кәсібін ұлғайту үшін бір ай бойы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады. Оқу аяқталған соң сертификат беріледі. Одан кейін комиссия алдында бизнес-жобасын қорғап, қаржыландыруға құжат тапсырады. Бизнес-жобасын сәтті қорғағандарға арнайы сертификат беріледі. Бұл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, шағын несие институттары арқылы жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Несие жылына 6% мөлшерлемемен беріледі.
Атырау облысы бойынша биыл 1325 адам білім алады деп жоспарланған. Оның 135-і қала тұрғындары. Болжам бойынша 260 адам жеке кәсібін ашады. Палата мамандары бизнес-жоба толықтай жүзеге ашқанша сүйемелдейді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: