«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау облысы Индер ауданында алғашқы білім беру орталығы ашылды

2018 жылғы 01 Маусым
- Атырау облысы
6849 просмотров

Оны «Бизнес-Кеңесші» жобасының түлегі Жанна Әбілова ашты

Бастауыш сынып мұғалімі Жанна Әбілова мектепке дейінгі білім беру орталығын ашуды армандаған. Ал арманның орындалуына қаражаттың болмауы кедергі болған. Көмекке Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Индер ауданы бойынша филиал мамандары келді. Олар Жаннаға «Бизнес-Кеңесші» курсын оқуды ұсынды. Мұғалім келісіп, арманына қарай қадам жасады.

 «Бизнес-Кеңесші» жобасымен оқып, мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының» 6%-дық жеңілдетілген несие бойынша 4 млн теңге алдым. Осы қаражатқа орталыққа керек нысан сатып алдым, бұрын жалға алып отырғам. Жұмысқа ағылшын тілі мұғалімін шақырдым, сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығы арқылы техникалық қызметшіні жұмысқа алдым. Өзім бастауыш сыныптар мен мектепке дейінгі балаларға сабақ беремін. Тұрғындар тарапынан сұраныс жақсы. Келешекте штатты ұлғайтқым келеді.Бүгінде бастауыш кәсіпкерлер үшін түрлі қолдау барын атйп өткім келеді», – деді Жанна Әбілова.  

 Айта кетелік, «Бизнес-Кеңесші» жобасы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге және кәсіп бастағысы келетін азаматтарға арналған қысқа мерзімді оқыту. Оқу барысында тыңдаушыларға қалай кәсіп бастау керек, маркетин негіздері, адами капиталды басқару, бизнесті заң тұрғысынан жүргізу, қаржы бойынша ақапарт беріледі. Тыңдаушыларға кәсіпкерлік негіздері бойынша көрнекілік құралдар, оқулықтар мен материалдар беріледі. Ал оқу аяқталған соң берілетін сертификат гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға және даму банктері несиелерін алуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер