«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-Кеңесші» жобасын тәмамдаған кәсіпкер бизнесін кеңейтті

2018 жылғы 07 Маусым
- Атырау облысы
6005 просмотров

«Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыған Исатай ауданынң тұрғыны кәсіпкер Амангелді Шадияров несие алып, жол бойында асхана ашты

Жаңа бизнес нысаны Атырау-Астрахань тас жолы бойында орналасты, бұл бағытта көлік ағыны қарқынды. Демек клиенттердің асханаға сұранысы болады.

 Қоғамдық тамақтану орталығын ашу салтанатында жергілікті әкімдік, ӨКП аудандық филиалы өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, тұрғындар болды, олар кәсіпкерге сәттілік тілеп, құттықтады.  

Амангелді Шадияров кәсіпкерлікті бірнеше жыл бұрын бастаған болатын. Ол уақытта кәсіпкер Тұщыкөл ауылдық округіне қарасты Бақсай су арнасы бойында шаруа қожалығын ашып, 7 гектар жерде алма ағаштарын салды. Қазіргі таңда шаруашылықтың бұл түрі Исатай ауданында жалғыз.

«Қазіргі таңда бизнеске, ауыл кәсіпкерлігіне айтарлықтай қолдау көрсетіледі. Мен де осы бағытты қолға алғым келді. Алма ағаш өсіре бастадым, жақсы өнім алдым. Содан кейін «Ауылды қаржылай қолдау қоры» арқылы 2,3 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алдым да осы қаражатқа автокөлік алдым, енді жолаушылар таысамлымен де айналысамын. Тіпті несиемді де өтеп тастауға үлгердім», – деді кәсіпкер.

 Былтыр ӨКП аудан филиалының мамандарының кеңес беруімен Амангелді Шадияров «Бизнес-Кеңесші» жобасымен оқудан өтіп, жеңілдетілген енсие алуға мүмкіндік беретін сертификат алды.

Палата кеңесшілері кәсіпкерге құжат топтамасын жинауға көмектесті, осы жолы «Ауылды қаржылай қолдау қоры» арқылы 8 млн теңге көлемінде несие алуға мүмкіндік туды. Бұл қаражатқа кәсіпкер дайын нысан сатып алып,ішін жабдықтады. Асхана 30 орынға шақталған. Жаңа нысан 4 жаңа жұмыс орнын ашуға жол ашты. Ары қарай кәсіпкер  қызметкерлер санын көбейтпек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер