«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау оқушылары мен студенттері «ЭКСПО» ашық сабақтарына қатысады

2018 жылғы 11 Маусым
- Атырау облысы
6658 просмотров

Атырау қаласының оқышулары мен студенттері «ЭКСПО» нысандарындағы ашық сабақтарға қатыса алады

Бұл бағытта «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдігі және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Құжаттардың талаптарына сәйкес тараптар халықаралық көрме нысандарын туризмнің аймағы ретінде насихаттау, ЭКСПО нысандарына шетелдік әрі қазақстандық қонақтарды тарту, туризмнің барлық саласында тәжірибе алмасуға келісті.

 Сонымен қатар «Kids Future Energy» және «Students Future Energy» ашық сабақтары аясында мектеп оқушылары мен студенттерге көрме нысандарына келуді ұйымдастыру көзделген. Ашық сабақтар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, биология, георгафия, тарих, туризм пәндері бойынша жүргізіледі.

 «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері, өңірдің білім беру мекемелері, турбизнес өкілдері және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен өткен кездесу барысында Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер мен оқу орындарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

 Атап айтқанда, Атырау облысы мектеп оқу орындарымен  үздік жұмысты ұйымдастырғаны үшін Облыстың білім беру басқармасының жетекшісі Алмагүл Қайырлиева марапатталды. Өңір мұғалімдерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ұйымдастыруда жоғары белсенділік пен іс-әрекеттерді үйлестіргені үшін арнайы сыйлықпен Облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму басқармасы директорының орынбасары Қарлығаш Бекбаева марапатталды. Ал Нұрғиса Тілендиев атындағы Облыстық кіші академиясы көрмені кеңінен насихаттау және балаларды көптеп тартқаны үшін марапатқа ие болды.   

Айта кетелік, жалпы көрмеге 88 мың атыраулық барған, оның ішінде 15 мыңы – мұғалімдер мен оқушылар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер