«Бизнес-Кеңесші» – кәсіпті ұлғайтудың көмекшісі
Атырау облысы Жылыой ауданындағы ағайынды Тоқаш Сүгіров пен Саламат Әлімбев «Бизнес–Кеңесші» курсынан өтіп, өндірісті кеңейту үшін 2,8 млн теңге көлемінде өтеусіз грантқа ие болды
Жылу оқшаулау бойынша қызмет көрсетуге арналған отбасылық кәсіпті Тоқаш пен Саламат 2016 жылы басталған. Сол уақытта өз қаражаттарына Ресейдің Владимир қаласынан «Пена-98» төмен қысымды жабдық сатып алып, жылу оқшаулау технологиясын да сол жақта меңгерген.
«Пена-98» жабдығы қысыммен көбікполиуретан қоспасын арнайы шашырататын пистолет арқылы жібереді. Оған сығымдалған ауа түседі. Пистолет камерасында коспа араласып, химиялық реакция орын алады. дайын өнім шашыратылады. Пайда болған аэрозольді бірден қабырға, төбе, шатыр, құбыр желілері және басқа да жылытатын жерлерге себуге болады. бұл инновациялық технология, жылу, су, шуды оқшаулайды, экономикалық жағынан да тиімді», – дейді Саламат Әлімбаев.
Биыл Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының Жылыой аудандық филиалының кеңесімен ағайынды кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» жобасын оқып, грант байқауына қатысты. Нәтижесінде 2,8 млн теңге қаржы алып, жоғары қысымды жабдық сатып алған. Бұл жылу оқшаулауға арналған жетілдірілген.
«Қазіргі таңда Алматы мен Ресейден жеткіземіз. Күніне 500-600 шаршы метр қамтылады. Ал бет жағы тегіс болса, 1000 шаршы метрге дейін жасауға болады. Сұраныс жақсы. Қазіргі таңда Теңіз ауылында жұмыс істеп жатырмыз», – дейді Саламат Әлімбаев.
Кәсіпкерлер болашақта отбасылық бизнесті ұлғайтуды жоспарлап отыр. Олар облыс орталығындағы көп пәтерлі үйді жылытуға ауқымды тапсырыс алған. Әуел баста 2 адам ғана жұмыс істесе, қазір ауылдағы 6 адам жұмыспен қамтылған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: