«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіп бастау үшін тиімді несиені қайдан алуға болады?

2018 жылғы 24 Қыркүйек
- Атырау облысы
10819 просмотров

Мемлекеттік бағдарламалар операторлары халық арасында несиелеу бойынша  түсіндірме жұмыстарын жиі өткізу керек

Осындай ұсыныс Исатай ауданы тұрғындарына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау» жобасын жүзеге асыруға арналған кездесу барысында айтылды. Іс-шараны Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды, оған аудан активі, шағын несиелеу ұйымдары мен қаржы инситуттарының өкілдері қатысты.

«Қазіргі таңда Исатай ауданында «Бастау» жобасы аясында 73 адам оқудан өтті. Жылдың соңына дейін 145 адамды оқыту жоспарланған. Жеке кәсіпті дамытуға жеңілдетілген несиені ауданның 15 тұрғыны алды, қаралымда тағы 10 жоба бар. Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несие алу мәселелерін біз білеміз. Жергілікті жерде шешуге болатын мәселлерді біз уақтылы шешіп отырмыз. Жекелеген сұрақтар «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жолданған. Келесі жылы халықтың пікірі ескеріліп, бағдарламаларға түзетулер жасалады деп күтілуде. Кәсіпкерлікті қолдау институттары мен жергілікті атқарушы органдарға осы бағдарламаны біздің өңірде тиімді іске асыруға атсалысуға шақырамын», – деді Атырау облысы кәсіпкерлер палаасының директоры Абдолла Идресов.

 Осы мәселе бойынша шағын несиелеу ұйымдарының өкілдері өз пікірлерін білдірді. Атырау облысы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры филиалының директоры Гүлзада Шалағұлованың айтуынша егер талаптарға сәйкес келсе несиені кез келген адам ала алады.

 «Жергілік жерде біз Қордың бас кеңсесі берген бұйрықтар мен нұсқамаларды басшылыққа аламыз. Сондықтан жұмыс тәсілдерін таңдауда мүмкіндіктер шектеулі. Алайда шағын несиелрді беру талаптары қолжетімді деп санаймыз, әрі талаптарға сәйкес келу арқылы әркім несие ала алады», – деді ұйым басшысы.  

 Агронесие корпорациясының жергілікті филиалының өкілдері тұрғындарға шағын несие беруге дайын екендерін айтты.

 «Несие беруді жеделдету мақсатында өңірде несие беру серіктестіктері құрылған болатын. Банк пен ұйымның несие беру талаптарында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Барлық мәселе кепілзатқа тіреледі. Өз кезегінде біз «Бастау» бағдарламасының шеңберінде толыққанды несие беру қызметін 85%-ға дейін кепілдікпен қамтамасыз етуге дайынбыз», – деді Агронесие корпорациясының Атырау облысы филиалының директоры Рахмет Жанбіров.

Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиев шағын несиелеу ұйымдары мен қаржы институттары жетекшілеріне мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелеу шарттарында халық арасында түсінікті әрі ұғыныңқы жұмыс жүргізуді ұсынды.

 «Кәсіпкер өзіне анағұрлым тиімді өнімді алу керек, ал бұл істе операторлар бағыт-бағдар беру керек. Алайда іс жүзінде барлық операторлар бірдей болып көрінеді. Ал бәсеке қайда кетті? Қандай несие тиімді болатынын қалай білуге болады?», – дейді аудан басшысы.

Жалпы талқылау нәтижесінде қатысушылар кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін есепке ала отырып, Бағдарламаны бизнесті дамыту және ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайту құралы ретінде іске асыру қажеттілігін айтты. Ары қарай ауыл тұрғындары өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша ӨКП, шағын несиелеу ұйымдары мен қаржы институттарына сауалдарын қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер