«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастаумен» грант алуға болады

2018 жылғы 26 Қыркүйек
- Атырау облысы
13423 просмотров

«Бастау» қатысушылары бизнес дамуына жеңілдетілген несиеден бөлек мемлекеттік қайтарамсық қаражатты да ала алады.

Осындай ақпаратты Индер аудан тұрғындарына Өңірілк кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов хабарлады.  Өтйкен ауыл тұрғындары несие рәсімдеуге асығар емес, оның орнына грант алуға қызығушылық танытуда.

 «Қазіргі таңда «Бастау» республика бойынша 160 ауданда жүріп жатыр. Оның ішінде ең төмен көрсеткіш Атырау облысы, оның ішінде Индер ауданында орын алып отыр. Оқудан өткен тыңдаушылар жеке кәсіпті ашуға асығар емес. Осыған байланысты ауылдық округ әкімдеріне жұмыспен ақмту орталықтарымен етене байланыс орнату керек. Бұл Кәсіпкерлер палатасына ғана тиесілі жұмыс емес. Бұл мемлекеттік бағдарлама, сондықтан оны жүзеге асыруға барлық тараптар атсалысу керек», – деді Абдолла Идресов.

 Палата басшысы биыл жоба аясында Индер ауданында 116 адам оқудан өтті, жыл соңына дейін 175 адамды оқыту көзделген. Оқығандардың ішінен 11 ауыл тұрғыны жеке кәсіпты дамытуға несие алды, тағы 7 жоба қаралым үстінде.

 Жергілікті атқарушы органдар өкілдері Палата басшысы ұсынысын қолдады және бұл жұмысты атқару дайын екендерін айтты. Ары қарай ауыл тұрғындары түйткілді мәселелермен бөлісіп, бағдараламға қатысты сұрақтарын қойды.

«Мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1,5 млн теңге көлемінде несие алуға өтінім бердім. Ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отырмын. Құжаттарым өтті, алайда қор қызметкерлері маған асыл тұқымды бұқа сатып алу керек деп жауап қайтарды. Маған бір екі сиыр ғана керек, бұқа алатын ойым жоқ, неге осындай талап қояды?», – деп шағымданды Гүлбаршын Төлеуғалиева.    
 оынң сауалы бойынша аудан әкімі Серік Арыстан ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі бастығына мәселені шешуді тапсырды.

Индер ауданының тұрғыны Әйгерім Мұратова қазіргі атңда «Бастау» жобасы бойынша оқып жатыр. Әйгерімнің мамандағы –бухгалетр. Ол білім алып жеке тігін шеберханасын ашқысы келеді.

 «Маған заманауи тігін машинасы керек. несие алғым келмейді. Грант алуға мүмкіндік бар ма?», – деді Әйгерім Мұратова.

Кездесуді қорытындылай келе Палата басшысы Абдолла Идресов «Бастау» түлектері мемлекеттен грант ала алатынын хабарлады. Қолдарына сертификаты барлар бизнес дамуына берілетін грантқа қатысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер