«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске жер мен газ керек

2018 жылғы 29 Қыркүйек
- Атырау облысы
4488 просмотров

Жер учаскесі мен газ бойынша мәселені шешуде көмек көрсету. Осындай өтінішпен атыраулық кәсіпкерлер қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы көмегіне жүгінді

Кәсіпкерлер мен әкімнің қатысумен өткен іс-шара «сұрақ-жауап» форматында өтті, оған облыс орталығының 200-ге жуық кәсіпкері қатысты. Жалпы алғанда Атырау қаласы әкіміне шамамен 20 сұрақ қойылды, олардың көбісі бизнес нысандарын салуға арналған жер учаскілерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу, монополияшылармен мәселені шешуге қатысты болды. Кездесуде сөз сөйлеген Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев кәсіпкерлер қала әкімдігіне қатысты жиі өтінім жасайтын үш мәселені атады

«Басты мәселе – жерге байланысты. Кәсіпкерлер қайда бос жер уаскесі барын    алдын ала білгісі келеді. Қазіргі таңда жер учаскілердің онлайн картасы әзірлену үстінде, карта бірқатар мәселелерді шешеді деген ойдамын. Бүгінде жер комиссиясы уческенің мақсатты пайдаланылуын кеңейту мен өзгерту мәселесін қарастырып жатыр. Жер заңнамасы жер комиссиясы қызметіне жаңа талаптарды қарастырып отыр. Атап айтқанда, жиындардың аудио және бейне жазбасын жүргізу, сонымен қатар сот шешімін қайта қарау мүмкіндігі. Осы талаптарды жүзеге асыруда шараларды қабылдау қажет. Палата бұл жұмысқа қатысуға дайын. Екінші мәселе – «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорнына қатысты.  Жылыту маусымы жақындауына байланысты бизнестен түскен шағым саны еселене түсті. Аталмыш кәсіпорын мемлекеттік бақылаушы орган іспетті. Егер ол монополия субъектісі болса, онда қала әкімдігі жергілікті атқарушы оргна ретінде нақты әсер ету тетіктерге ие. Бұл мәселені шешейік. Соңғысы – кәсіпкерлер кейбір мемлекеттік органдардың бизнеске деген ашықтығы мен қолжетімділігіне наразы. Бизнес субъектілері әкімдік ммандарымен кездесу үшін көп уақыт жоғалтатындарын айтып отыр», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

Атырау облысы бойынша Қазақстан Іскер әйелдер одағы филиалының төрайымы Айгүл Баямирова ұйым мүшелері газ үшін 100 пайыз алдын ала төлем жасау бойынша «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорнымен келіспеушіліктер барын айтты.

 «Ұйымымызда ауылдық әйелер көп. Олардың айлық табысы 100 мың теңгені құрайды, соның 60 мыңын олар газға алдын ала төлем ретінде берулері керек. Оларға мұндай жағдайда жеке кәсіпті дамытуға өте қиын. Сондықтан алдын ала төлеммен мәселені тез араад шешуді сұраймыз», – деді Айгүл Баямирова сұрағын әкімге жолдап.

«КазТрансГазАймак» АҚ жергілікті өндірісітік филиалының директоры Мақсұт Әбуов, өз кезегінде аталған сұрақ олардың орталық аппараттары деңгейінде ғана шешілуі мүмкін деп жеткізді, өйткені алды ала төлем жайында шарт барлық өңірдегі кәсіпкерлер үшін міндетті шара.

 «Мен бұл мәселелер жайында хабардармын. Расымен «КазТрансГазАймак» кәсіпорнына қатысты бизнес тарапынан шағымдар өте көп, сондықтан Кәсіпкерлер палатасы алаңында орталық органдар өкілдерін тарту арқылы кездесуді ұйымдастыруды ұсынамын, – деді Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

 Қала әкімі егер жер мәселесі мен мемлекеттік органдар қызметінің қолжетімдігіне қатысты мәселе туындаса, шенеуніктер тарапынна орын алатын әкімшілік кедергілер болса бірден өзіне тікелей хабарласуды айтты. Әлимұхаммед Құттымұратұлы жиынға қатыушылардың сұрақтарына жауап беріп отырып, кәсіпкерлерден Атырау қаласының гүлденуіне үлес қосуларын сұрады.

    
 «Бүгін облыс орталығында жалпы сомасы 150 млрд теңге болатын жобалар іске асуда. Бұлардың барлығы қала үшін маңызды. Оаларды жүзеге асыруда жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болатынын түсінеміз, сондықтан кәсіпкерлерді қала көркеюіне белсенді атсалысуын сұраймын. Мәселен, былтыр кәсіпкерлер ойын алаңдарын көптеп салды, Ақтөбеде бизнесмендер жалпы құны 800 млн теңге болатын бала бақша салып, оны қалаға сыйға тартты. Биыл да бизнес өкілдері шетке қалмай, Атырау қаласын жақсартуға атсалысса деп тілеймін», – деді Әлимұхаммед Құттымұратұлы.

 Кездесу соңында 2019 жылы тұрғын үйлерге қарасты 100 алаңды абаттандыру мен жақсарту көзделген. Қазіргі таңда жаңа жобаның тұжырымдамасы дайындалуда, оның жүзеге асырылуы үдерісіне кәсіпкерлер қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер