«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер қолдауымен көшеге жарық жүргізіледі

2018 жылғы 02 Қазан
- Атырау облысы
10099 просмотров

Атыраулық бизнесмен Мұғал Махымғалиев  «Атамекен»« ҚР ҰКП қолдауымен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған  «Әр ауылға бір қамқоршы» жобасын қолдады. Осының арқасында Құрманғазы ауданына қарасты Жұмекен ауылының бір көшесіне жарық жүргізілді.

«Әр ауылға бір қамқоршы» жобасы ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына жауап ретінде биыл шілде айында іске қосылды. Жоба Қазақстан ауылдарын меценаттардың қайырымдылық көмегі есебінен дамытуды көздейді. Жоба аясында «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі бірқатар ауыл округтерінде тұрғындар мен әкімдер арасында мәселелрді анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сол кезде Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі Хамат Ғаббасов Жұмекен ауылында көшелердің жарықпен қамтылмағанын көтерген болатын, соның салдарынан қылмыс артып келеді.

 

 «Ауыл аймағында электр желілерінің жоғары, орта және төмен кернеудегі тізбегі бар. Ауылға электр энергиясы осы бағандар арқылы келеді. Тоқты бөлу тізбегінің жағдайы қанағаттандырарлық, электр және телефон желілері қажеттілік бойынша жөнделеді. Алайда, көшелерді жарықтандыру тапшы, әсіресе бас көшелерде жарық жоқ. Осы себеппен ауылда қылмыстық әрекеттер өсіп жатыр», – деді округ әкімі.

 Қазіргі таңда жергілікті әкімдік қажетті құжаттар топтамасын дайындап жатыр. Жергілікті компаниялар ішінен мердігер тағайындалды. Жарықтандыру Азаттық көшесіне жүргізіледі. Жұмыстар жуық арада басталады.

 «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі қолға алған «Әр ауылға бір қамқоршы» жобасы өз уақытында іске қосылып, кәсіпкерліктің қоғам өмірін жақсартуға қатысуы үшін ыңғайлы, тиімді және ашық механизмдерді қалыптастырып отыр деген ойдамын. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген ұғым тұрақты дамудың нышаны, оған сәйкес кәсіпорындар қаржылық немесе экономикалық факторларға ғана емес, сонымен қатар қызметтің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді әлеуметтік, экологиялық және басқа да салдарларына негізделген шешімдер қабылдауы тиіс. Яғни бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің тиімді механизмдерінің бірі», – деді Мұғал Махымғалиев.

Айта кетелік,  Мұғал Махымғалиев басқаратын «Норт Каспиан Прокон Салушн» компаниясы түрлі қайырымдылық шараларға тұрақты түрде қатысады. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін компания өңірдің білім беру, медицина, мәдениет пен спорт салаларына қолдау көрсеткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер