«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ОЛЖАС ОРДАБАЕВ: ТУРИЗМНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ШАҒЫН БИЗНЕСКЕ БАҒЫТТАЛЫП, ПРАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ КӨП БОЛУЫ ТИІС

2018 жылғы 25 Қазан
- Алматы қаласы
8476 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Алматыда ҚР сыртқы және ішкі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын, сондай-ақ салалық заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.

Әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарлама негізінен еліміздегі туризмнің өсу қарқынына қарай келу және ішкі туристік ағынды ұлғайтуға бағытталған. Бағдарламаның басым бағыттары- туристік инфрақұрылымды дамыту; визалық және көші-қон саясатын ырықтандыру; туристік объектілер мен дестинациялардың көліктік қолжетімділігін арттыру; туристік брендті ілгерілету; мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру және сервис пен кадрлық қамтамасыз ету стандарттарын жетілдіру.

«Ұлттық палата ҚР Мәдениет және спорт министрлігін Бағдарламаның стратегиялық бағыттарға ғана емес, пәрменді шаралары болуы тиіс деген мәселеде қолдайды. Онда туризм саласында кәсіпкерлер үшін нақты қолдау тетіктері жазылуы тиіс. Бұл жерде біз бизнес үшін осы жерде және қазір жұмыста пайдалана алатын жедел іс-шаралар енгізуді өтінген едік», - деді  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Ол стратегиялық мәселелер қажет әрі маңызды, бірақ бағдарламада шағын бизнеске арналған көптеген құралдар жоқ екенін нақты айтты.

«Туризм тарихында шағын қонақ үйлерді, шетелдіктер үшін келу туризмін ұйымдастыратын шағын компаниялар және басқалары көп болуы мүмкін. Бизнес не дейді? Ол өз тұтынушысының жанайқайына қарайды, ал тұтынушы, әсіресе сырттан кіретіндер инфрақұрылымдық сипаттағы жәйттерге шағымданады. Санитарлық тораптардың мәселесі әлі де үнемі өзекті. Бірқатар сұрақтар тұру жағдайларына, қонақ үйлерді санаттау мәселесіне байланысты. Компанияларға бұл тақырыпқа тереңдей барып, тіпті қонақ үйлерге «жұлдыздар» алуды ойластыру керек. Сервис, адамдарды оқыту мәселесі бар. ЖОО, колледждер мен оқу орталықтары қазір мамандарды қалай оқытады? Айтпақшы, біз көршілерімізден үлгі алуымыз керек - туризмді дамытудың пәрменді бағдарламасы Өзбекстанда әзірленіп, жүзеге асырылуда», - деді Ұлттық палата Басқармасы Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының кейбір мәселелерде мемлекеттік бағдарлама жобасына «өз айтары» бар екенін атап өтті.

«Туристік қызметті лицензиялау-талқыланатын өзекті мәселелердің бірі. Бір қызығы, бағдарламадан лицензиялауды алып тастамауды бизнес сұрайды. Нарықта сапалы қызмет көрсету үшін лицензия керектігін алға тартады. Ал мемлекеттік органдар лицензиялауды алып тастауды ұсынады, олар осы түзетуді нарыққа барынша көбірек компанияларды тарту үшін керек деген ниетпен енгізеді. Бірақ біз мұнда мемлекеттік реттеуді лицензиялау түрінде қалдыру керек, деп санаймыз», - деді Олжас Ордабаев.

Іс-шараның модераторы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов болды. Сонымен қатар алқалы отырысқа «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов, «Profi-T» бәсекеге қабілеттілікті тиімді басқару және дамыту халықаралық агенттігінің президенті Гүлнар Құрбанбаева, бағдарламаны әзірлеушілер, халықаралық кеңесшілер, туристік қауымдастық, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен барлық мүдделі тұлғалар қатысты.

Анықтама: Бүгінгі күні ішкі және келу туризмін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ туристік сала мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленуде. Осы екі құжатты әзірлеу үшін Үкіметтің тапсырмасы бойынша Штаб құрылды, оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, «Атамекен» ҰКП-ның жауапты қызметкерлері, халықаралық консультанттар мен әр саладан арнайы тартылған сарапшылар кірді.

18 шілдеден бастап штаб жұмыс істей бастады, туристік қауымдастықпен туризмнің барлық түрлері: MICE, медициналық, балалар-жасөспірімдер, әлеуметтік, этно - агротуризм және т. б. бойынша 50-ден астам кездесу өтті. Осы уақыт ішінде 300-ден астам ұсыныс пен ескертулер түсті. Олардың барлығы мұқият зерттелді, көпшілігі мемлекеттік бағдарлама мен туризм туралы Заңның жобаларына кірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер